Жаңалықтар

Конспирология: «Өзге ғаламшарлықтар егілген адамдарды Альфа-Центавраға әкетеді»

Қазақстандық конспирологиялық теорияларды жақтаушылар фантастикалық фильмнің сюжетіне ұқсас жақын болашаққа болжамдармен бөлісуде. Telegram мессенджерінде пайдаланушылар COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғандарды рептилоидтар нәсіліне жататын өзге ғаламшарлықтар Альфа-Центавра шоқжұлдызындағы бір планетаға әкетеді деп жазуда. Олар мұны 5G байланысы арқылы жасайды, ал ұрланған адамдар ұшу кезінде тамақтану үшін немесе оларды ғарыш кемесіне отын ретінде пайдаланылуы мүмкін. Теорияны жеке-жеке талдап шығайық.


Альфа-Центавра
Бұл жүйе Жерден төрт жарық жылынан астам қашықтықта үш жұлдыздан тұрады. Бұл 38 триллион шақырымнан артық. Бүгінгі күні мұндай қашықтыққа салыстырмалы түрде қысқа мерзімде ұша алатын ғарыш кемесі жоқ. Ғалымдардың пікірінше, оны кем дегенде 44 жыл ішінде ұшып өту үшін жарық жылдамдығымен 10% тұрақты жылдамдықпен, яғни секундына 29 979 245.8 метр жылдамдықпен ұша алатын кеме қажет. Өйткені, мұндай кемелер әлі жоқ. Адамдар құрастырған ең жүрдек ғарыштық аппарат 0,05% жарық жылдамдығымен ғана ұша алады. Бұл 2018 жылы ұшырылған және тарихта Күннің бетіне кемінде жеті шақырымға жақындаған алғашқы кеме атанған Parker Solar Probe ұшқышсыз кемесі.
Сонымен қатар, ғалымдар Альфа-Центаврада жұлдыздар жүйесінде тіршілік иелері бар планеталардың бар-жоғын білмейді. NASA мәліметтері бойынша, теориялық тұрғыдан шоқжұлдызда жұлдыздардан едәуір қашықтықта, рентген сәулелері мен радиацияның сыни дозаларын алмайтын планеталар болуы мүмкін. Демек, оларда тіршілік иелері болуы ықтимал. Алайда, бұл тек болжам ғана. Тіпті, олай болған күннің өзінде олардың саналы болуы екіталай.

Рептилоидтар
Кейбір өзге ғаламшарлықтар – кесірткелер туралы конспирологиялық теория бұрыннан бар және әлем бойынша миллиондаған жақтаушыларын тапты. Олардың пайымдауынша, ірі рептилияларға ұқсас өзге ғаламшарлық нәсіл планетамызға ежелден қонып, адамдарды жасырын басқаруда, олармен ассимиляцияланған. Конспирлогиялық теорияға сәйкес, рептилоидтар адам қанымен қоректенеді және жай адамдарға ұсқайды. Алайда, оларды келесі белгілер бойынша ажыратуға болады: көзі көк, шаш қызыл; көзінің қарашығы үлкейген; көзі жақсы көреді немесе жақсы естиді; қан қысымы төмен; денесінде түсініксіз тыртықтары бар және т.б.. Бұл теорияны жақтаушылардың пікірінше, барлық ірі саясаткерлер мен атақты адамдар адам кейпіндегі рептилойдтар.
Теорияны жақтаушылар сондай-ақ, рептилойдтар Жерге Айдаһар мен Тазы мен Орион шоқжұлдыздарынан келді деп санайды. 
Рептилоидтардың Альфа Центаврамен байланысы бар екендігі туралы түпнұсқа теорияда айтылмаған.
Айта кетейік, қастандық теориясы қалыптасқалы рептилойдтардың бар екеніне ешқандай, тіпті жанама болсын, дәлелдер табылған жоқ. Желіде өзге ғаламшарлық кесірткелер туралы нұсқаны «дәлелдейтін» көптеген бейнелер мен фотосуреттер бар, бірақ олардың барлығы редакторларда өңделген өнім немесе қорытынды жасау үшін жарамсыз тым бұлыңғыр. 

5G желілерінің бұған қатысы бар ма?
Қатысы жоқ. 5G – бұл бізге белгілі Wi-Fi желілері, полиция радарлары және т.б. құрылғылар сияқты толқын диапазонында жұмыс істейтін жаңа буындағы байланыс форматы. Бұл байланыс форматының қалай жұмыс істейтіні және неге осы жиіліктерді қолдана отырып, өткізу қабілеті жоғары болатыны туралы физика және ғылымды танымал етуші Дмитрий Побединский өзінің бейне блогында егжей-тегжейлі түсіндірді. 
Дегенмен, конспирологтар COVID-19 пандемиясын 5G желілерімен байланыстыруды жалғастыруда. Мұндай теорияларды біз бірнеше рет жоққа шығардық. 

Ал вакциналармен қандай байланысы бар?
Ешқандай. КВИ қарсы егілген адамдар 5G толқындары арқылы тұрақты бақылау нысанына айналғаны туралы теория ғылымға қарсы. Ол вакциналарда чиптер немесе бақылау құрылғылары бар деген сенімге негізделген. Шындығында, оларда ондай ештеңе жоқ. КВИ-ге қарсы иммундауға арналған әлемдегі ең танымал дәрілердің құрамы құпия емес және баршаға қол жетімді.
Олардың құрамымен толығырақ мына жерден танысуға болады:
Pfizer/BioNTech;
Moderna;
Janssen;
Astra-Zeneca;
Sputnik V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac;
CoronaVac;
Vero Cell.

Қорытынды
Жоғарыда айтылғандардың негізінде теория толығымен ғылымға қарсы деп қорытынды жасауға болады. Біріншіден, Альфа-Центавра жұлдыздар жүйесінде саналы тіршілік иелері бар екендігіне ешқандай дәлел жоқ. Бүгінгі күні бұл жүйеге салыстырмалы түрде қысқа мерзімде жете алатын кемелер жоқ. Рептилоидтар – бұл ойдан шығарылған нәсіл және олардың бар екендігіне ешқандай дәлелдер жоқ. 5G – бұл ақыл-ойды басқармайтын және адамдардың ерік-жігерін бағындыра алмайтын, сондай-ақ, кез келген адамды ашық ғарышқа жібере алмайтын жаңа буындағы байланыс форматы. КВИ қарсы вакциналарда чиптер немесе өзге де бақылау құрылғылары жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button