Fake News

Қазақстандықтарға «графенді бейтараптандыратын» ББҚ ұсынылуда

Қазақстандық COVID-диссиденттер «графенді бейтараптандыра» алатын препараттарды жарнамалауда. Бұл ұсыныс супер заманауи зат барлық COVID-19 қарсы вакциналарда құпия ингредиент ретінде бар деген теориямен байланысты. Бұл фейк.


Иммундауға арналған препараттардың құрамында графен және оның оксидтері бар деген теорияны біз бірнеше рет жоққа шығардық.

Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналар 99.99% графен оксидінен тұрады»

COVID-19-ға қарсы вакциналардың құрамында мұндай заттар көрсетілмеген.
Олармен толығырақ мына жерден танысуға болады:

Pfizer/BioNTech;
Moderna;
Janssen;
Astra-Zeneca;
Sputnik – V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac;
CoronaVac.

Яғни, оларды бейтараптандырудың еш қажеттілігі жоқ. Сонымен қатар, пост авторы ұсынғандай, оны антиоксиданттармен жасау мағынасыз. Антиоксидант – бұл еркін радикалдар қоздыратын организмге қауіпті тізбекті реакциялардың пайда болуына жол бермейтін молекула. Еркін радикал – тәуелсіз өмір сүруге қабілетті (яғни салыстырмалы түрде тұрақтылыққа ие) және бір немесе екі жұпталмаған электроны бар молекуланың немесе атомның түрі. Еркін радикалдар мен олар қоздыратын процестер графеннің құрылымын бұзбайтындығын, тек материалға жаңа қасиеттер ғана беретінін дәлелдейтін зерттеулер бар.

Графенді вакциналардан бейтараптандыру үшін антиоксиданттарды қабылдаудың қажеті жоқ, өйткені біріншіден, оларда графен жоқ, екіншіден, антиоксиданттар оны жоя алмайды.
Графеннен «қорғайтын» биологиялық белсенді қоспалардың жарнамасы – қастандық теорияларына сенетін адамдардың арқасында ақша табу әрекеті. Біз қазақстандықтарға 15 000 теңгеге «5G сәулеленуге» қарсы май және 465 882 теңгеге «вакцинация салдарына қарсы дәрі» ұсынылған осы сияқты жағдайлар туралы жазған болатынбыз.

Графен – көміртектің аллотропты модификациясы. Бұл ретте көміртек атомдары алтыбұрышты жасушалары бар тор түрінде орналасады. Бұл тордың қалыңдығы тек бір атом ғана. Графен – заманауи және толық зерттелмеген материал, ол ерекше жеңілдігімен, жоғары өткізгіштігімен, беріктігімен, икемділігімен және тығыздығымен ерекшеленеді. Бүгінгі таңда графен пауэрбанк өндірісінде қолданылады – материал құрылғыларға өте қысқа уақыт ішінде қуат алуға және басқа құрылғыларды графенсіз батареяларға қарағанда бірнеше есе тез қуаттауға мүмкіндік береді.

Материалды қолданудың кең әлеуетіне қарамастан, ол әлі де барлық жерде қолданылмайды. Әлемдегі ең ірі компаниялар графенді әртүрлі салаларда қолдануға патенттер сатып алуда, бірақ бұл салада айтарлықтай серпіліс болған жоқ. Мұның екі негізгі себебі бар: материалдың қымбаттығы және оны жаппай өндірудің болмауы. Графен бағасы – тоннасына 67,000 доллардан 200,000 долларға дейін.

Графеннің жаппай өндірісі де әлемдік ғалымдар шешуге тырысып жатқан маңызды міндет болып табылады. Графенді медицинада қолдану бүгінде зерттеу сатысында. Материал дәрігерлер мен зерттеушілерге зор мүмкіндіктер аша алады, бірақ бұл ұзақ және мұқият зерттеуді және растауды қажет ететін гипотезалар.

Бұған қарамастан, қазақстандық антиваксерлер графенді барлық жерден «табуда». Олардың айтуынша, ол тек вакциналарда ғана емес, сондай-ақ, медициналық маскаларда, ПТР сынақ жиынтықтарында да бар, оны белгісіз мақсатта аспаннан шашады, тіпті одан қара магниттік зат жасайды екен, ал іс жүзінде бұл графенге ешқандай қатысы жоқ қарапайым балалар ойыншығы болып шықты.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button