Фейк: «Желіде вакциналар құрамындағы графен оксиді мен ұялы телефонның өзара әрекеттесуінің видеосы тарады»
Әлеуметтік желілерде вакциналар құрамында аса уытты қасиеттерге ие құпия зат – графен оксиді бар екендігі туралы конспирологиялық теория одан әрі өрбіді. Бұл жолы қастандық теорияларын жақтаушылар «дәлел» ретінде «графен оксидінің» ұялы телефонмен әрекеттесуінің видеосын таратуда. Бұл фейк.
Видеода ұялы телефонға қоңырау келіп түскенде оның жанындағы графен оксиді қозғала бастайтыны көрсетілген.
Түпнұсқа бейне 2015 жылдың қаңтарында түсірілген және «Қолмен құрастыру» YouTube арнасында жарияланған. Автордың айтуынша, ол магнит ұнтақтарының смартфоннан қоңырау соғуға реакциясын түсірген. Бейнеге жазылған пікірлерде пайдаланушылар өздерінің сенімсіздіктерін жеткізген. Олардың пайымдауынша, видео авторы ұнтақтар салынған қағаздың астынан магнитпен қозғалтып отыр.
Шын мәнінде, магниттер де, металдар да ұялы телефоннан соғылған қоңырауға әсер етпейді. Смартфондарда электромагниттік өріс бар, алайда оның радиусы үлкен емес және күші шамалы. Ол магнит ұнтақтарын қозғалысқа келтіре алмайды.
ДДСҰ-ның ресми сайтында ұялы телефондарды пайдаланудың денсаулыққа зиян тигізбейтіні айтылған.
КВИ вакциналарында графен оксиді бар деген теория – конспирологиялық және ешқандай дәлелі жоқ. Бұл туралы біз жазған болатынбыз.
Фейк: «Pfizer-дің бұрынғы қызметкері вакциналарда графен оксиді бар екенін растады»
COVID-19 қарсы вакциналардың құрамы құпия емес және көпшілікке қолжетімді.
Олардың құрамымен толығырақ мына жерден танысуға болады:
Pfizer/BioNTech;
Moderna;
Janssen;
Astra-Zeneca;
Sputnik – V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac;
CoronaVac;
Қорыта айтқанда, видеода графен оксиді емес, қарапайым магнит ұнтақтары көрсетілген. Вакциналарда графен оксиді жоқ, бұл дәлелдері жоқ конспирологиялық теория. Желі пайдаланушылары бұған дейін де бөгде заттар мен нәрселерді графен оксиді деп келген. Біз қолданушылар «графен оксиді» деп жазған магнитті ойыншық көрсетілген видеоны жоққа шығарған болатызбыз.