Жалған: «Балыққа инъекция арқылы консерванттар қосады»
Әлеуметтік желілерде тараған испан тіліндегі видеода балыққа инъекция салады. Пайдаланушылардың пайымдауынша, осылайша балыққа консерванттар қосады. Шын мәнінде, бұл не? Түсіндіріп өтейік.
Бұл видео телеарнасының Испанияда фермаларда балықты вакцинациялаумен айналысатын жалғыз компания CanalSur туралы репортажынан алынған үзінді.
Балық – тірі жан болғандықтан, оларда да жұқпалы аурулар болады. Тамаққа пайдаланылатын арнайы фермаларда өсірілетін балықтар да. Аурудың өршуі балықтардың өлуін арттырып, аулау көлемін азайтып, экономикалық зиян келтіреді, сонымен қатар, ауру адамға немесе басқа жануарға берілуі ықтимал.
Аурудың өршуін болдырмау үшін балықты вибриоз, пастереллез, лактококкоз, флексибактериоз немесе нодавирус тудыратын қоздырғыштарға қарсы вакцинациялайды.
Әлеуметтік желілердегі видеода дәл осы процесс көрсетілген – препарат ішке инъекция арқылы енгізіледі, содан кейін тірі балық суға жіберіледі.
Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.