Fake News

Манипуляция: «Коронавирустар жай тұмау тудырады»

Қазақстандықтар америкалық медицина қауымдастығының Медициналық энциклопедиясының видеосын таратуда. Кітапта коронавирустар ауыр тыныс алу жолдары ауруларын емес, жай тұмау тудыратыны айтылған. Бұл ақпарат жиырма жыл бұрын өзектілігін жоғалтқан.

Роликтегі кітап 1989 жылы жарық көрді. Автор шығарылған жылын камераға көрсетеді. Ол кезде әлемде адамға жұғатын коронавирустың жеті түрінің екеуі ғана белгілі болған: HCoV-229e және HCoV-OC43. Бұл штамдардың екеуі де жай тұмау тудырады және қауіпті аурулардың қоздырғышы болып табылмайды. Тұмау тудыратын коронавирустың тағы екі түрі – NL63 және HKU1 – 1989 жылдан кейін анықталды. Бұл төрт штамм бірге алғанда суық тию жағдайларының жалпы санының 15-30% құрайды.

Ал коронавирустың қалған үш түрі – Sars-CoV-1, Mers-CoV және Sars-CoV-2 – ауыр ауруларға әкеп соғады. Олар ауыр жіті респираторлық синдромының, таяу шығыс респираторлық синдромының және тиісінше COVID-19 қоздырғыштары болып табылады.

Барлық үш қоздырғыш видеода көрсетілген энциклопедия жарияланғаннан кейін табылған, сондықтан кітапта олар туралы ақпарат жоқ. Sars-CoV-1 алғаш рет 2003 жылы, Mers-CoV-2012 жылы және Sars-CoV –2-2019 жылы анықталды.

Демек, 1989 жылы жарияланған энциклопедиядағы ақпарат сол кезде шынайы болған, ал бүгінгі таңда ескірген болып саналады. Кітап шыққан сәттен бастап ғалымдар адамдарға жұғатын коронавирустар тобына жататын тағы бес түрді анықтады. Бүгінде олардың жалпы саны жетеу. Төртеуі жай тұмау тудырса, қалған үшеуі әлдеқайда ауыр аурулардың, соның ішінде COVID-19 қоздырғышы болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button