Fake News

Алаяқтар әлеуметтік желілерде Ұлттық банктің жалған парақшасын ашқан

Интернет-алаяқтар танымал әлеуметтік желіде ҚР Ұлттық банкінің жалған аккаунтын тіркеген. Ол азаматтардың жеке мәліметтерін немесе ақшасын ұрлау үшін пайдаланылуы мүмкін.

 

Алаяқтықтың жаңа түрі туралы хабарлама Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланған.

«Қазақстанның Ұлттық банкі алаяқтық іс-әрекеттердің жиілеп кеткендігі туралы ескертеді. Алаяқтар Instagram әлеуметтік желісіндегі national_bank_kazakhstan фейк парақшасын тіркеген.

Алаяқтар мұндай фейк парақшаларды түрлі мақсаттарда ашады – фишингтік хаттар жіберу, азаматтардың жеке деректерін немесе ақшасын ұрлау. Ұлттық банкке ұқсас және үйлесімді домендік атауларды қолдана отырып, олар фишингтік хаттарды жіберу үшін реттеушінің поштасының жалған мекен жайларын жасайды. Мұндай хаттарда, әдетте, жалған сайтқа сілтемелер немесе шұғыл құжаттармен және төлем өкімдерімен танысу туралы өтініштер болады.

Бұл ретте сілтеме бойынша өткен жағдайда, пайдаланушының мобильді құрылғысына зиянды бағдарламалық жасақтама жүктеледі, ол кейіннен құрылғыны қашықтан басқару үшін қолданылады.

Қазақстанның Ұлттық банкі реттеушінің әлеуметтік желідегі жалғыз ресми аккаунты https://www.instagram.com/national_bank_of_kazakhstan екенін хабарлайды.

Ұлттық банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейді, ақшалай қаражатты сақтандырумен айналыспайды, сондай-ақ халықпен ақшалай есеп айырысулар жүргізбейді», – делінген хабарламада.

Ұлттық банк күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге кеңес береді. Егер сіз немесе сіздің таныстарыңыз алаяқтық схемаларға тап болса, онда құқық қорғау органдарына тиісті өтінішпен жүгіну қажет.

Консультациялар алу үшін Қазақстанның Ұлттық банкінің байланыс орталығына 1477 нөмірі бойынша хабарласуыңызға болады.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button