Fake News

Фейк: «Егілген адамдардың тілінде жаңа өскіндер болады»

Әлеуметтік желіде вакцинацияланған адамдарда «қара түкті тіл» деп аталатын жаңа өсіндер шығады деген ақпарат таралды. Мұндай өскін жазушы Джули Пауэллдің тіліне шығып, кейін ол қайтыс болды. Бұл ерекше аурудың вакцинациямен байланысы бар ма? Түсіндірейік.

Қара түкті тіл – бұл уақытша және зиянсыз ісік. Бұл жағдайда адамның тілі қараяды және түкті болып көрінеді, бірақ ешқандай түк болмайды. Тілдегі бүртіктерден осындай әсер қалыптасады, олар бұзушылық салдарынан өлі жасушаларды жоюды тоқтатып, көлемі жағынан ұлғаяды. Бұған ауыз қуысы гигиенасын сақтамау, көп темекі шегу, алкоголь, шай мен кофені шамадан тыс тұтыну, антибиотиктерді қолдану себеп болуы мүмкін. 
Қара түкті тіл COVID-19-бен ауырған адамдарда дамыған жағдайлар тіркелген. 
Хабарламада аталған жазушы Джули Пауэллге қыркүйек айында COVID-19 диагнозы қойылды. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында хабарлаған.
Джуди Пауэлл 26 қазанда өз үйінде көз жұмды. Оның өліміне жүрек ұстамасы себеп болды. 
Айта кетейік, бірде-бір дәрігер Пауэллдің жағдайын және оның өлімінің себебін COVID-19 қарсы вакциналармен байланыстырған жоқ. Жазушының егілгені рас, бірақ бустерлік дозаны алмаған, өйткені COVID-19 диагнозы қойылғандықтан, үш ай өткен соң ғана егілуге болады. 
Оның жүрек ұстамасынан қайтыс болғаны туралы күйеуі Эрик Пауэлл хабарлады. 
Ол вакцинация туралы және жүрек ұстамасына егілу себеп болды деп айтпаған.
Қара түкті тіл – COVID-19 қарсы вакциналардың жанама әсерлерінің тізімінде жоқ. 
Демек, таралған ақпарат дәлелсіз. Ал вакцинацияланған адамдардың тілінде жаңа өскіндер болады деген теория – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button