Жаңалықтар

Графен туралы фейктер 2021 жылы ең көп тарады

Биыл вакцинацияға қарсы адамдар ең көп таратқан фейк тақырыбы графен болды. Бұл зат пен оның туындылары вакциналардан, маскалардан және ПТР сынақтарынан «анықталды», оларды аспаннан «шашты», тіпті құбырдағы суға да «қосты». Пайдаланушылар оны бірнеше рет видеоға түсірді. Әр жолы жұмбақ зат әртүрлі болды.

Графен дегеніміз не?
Графен – бұл алтыбұрышты буындардан «тор» түрінде жинақталған көміртек атомдары болып табылатын заманауи материал. Мұндай тордың қалыңдығы – бір атом.
Пайдаланушылар сөз еткен графен оксиді – бұл құрамында оттекті функционалды топтар және (немесе) молекулалар бар графен қосылыстары. Құрылымында бір немесе бірнеше бор, азот, алюминий, фосфор, кремний, күкірт немесе оларға негізделген топ атомдары бар графен оксидтері белгілі. Мысалы, меламин, фосфин, силан, полисилоксан, сульфидтер және т.б.. Полиэтиленгликоль, полиэфир, поливинил, полиакрил және т.б. полимерлермен модификацияланған графен оксидтері де болады. 
Фейктерде айтылған графен гидроксиді – бұл графен оксидін NaOH ерітіндісіне ұзақ уақыт салып, вакуумда кептіру арқылы алынған өнім. 
Бұл материалдардың қолданылу аясы өте кең, дегенмен ол әлі де жаппай қолданысқа енгізілген жоқ. Біріншіден, мәселе заттың қымбат боулында жатыр – графен оксидінің бір граммы, мысалы, қазір 75–450 доллардан сатылады. Екіншіден, ғалымдар графен мен оның қосылыстарын жаппай өндіруде қиындықтарға тап болды. Яғни, бүгінгі таңда графен өндіретін компаниялардың барлығы салыстырмалы түрде үлкен емес.

Қазнетте графен туралы не жазады?
Қазақстандық пайдаланушылардың пікірінше графен бірқатар қауіпті қасиеттерге ие. бірақ бұған ешқандай негіз жоқ. Мәселен, кейбір посттарда графен тромбоз тудырады, улы зат, тіпті ақыл-ойды басқарып, қорқынышты баса алады деп жазылды.
Шын мәнінде, заттың мұндай қабілеттері жоқ. Сонымен қатар, ғалымдар графен мен оның қасиеттерін ұдайы зерттеп отырады, соның ішінде фармацевтикада затты қолданған кезде графен мен оның туындыларының адам ағзасына әсері зерделенеді.

Қайдан «табылды»
Биыл біз графен, оның оксиді және гидроксиді COVID-19 қарсы вакциналардан, медициналық маскалардан, ПТР сынақ жиынтықтарынан, ағынды сулардан және ауада «анықталды» деген фейктерді жоққа шығардық.
Аталған жағдайлардың ешқайсысында «заттың болуы» дәлелденген жоқ.
Графенді жаппай өндіру өте қиын және бұл заттың бағасы жоғары екендігіне, вакциналар, маскалар, ПТР сынақтарының құрамында графен де, оның туындылары да көрсетілмегенін, сондай-ақ әлемдегі бірде-бір сенімді зертханалық талдау графеннің суда немесе ауада болуын растамағанын ескере келе, біз бұл хабарламалардың бәрі фейк деген қорытындыға келдік.

Қазнет пайдаланушыларының пікірінше, графен қандай?
Пайдаланушылар графеннің вакциналардан, судан және ауадан анықталғаны туралы мәлімдеме жасау үшін заманауи материал түсірілген түрлі видеолар жариялады. Бірақ бұл зат әр жолы әртүрлі болды. Бір қызығы, графен оксиді ретінде балалар ойыншығының көрсетілуі болды. Графен оксидінің магниттік қасиеттері бар деп жазылған видеода магниттік ұнтақтардың көмегімен өз қолыңызбен жасауға болатын магниттік слайм ұсынылды.

Фейк: «Желіде вакциналар құрамындағы графен видеосы тарады»

Тағы бір видеода 5G толқындарының графен оксидіне әсері түсірілген. Алайда, тексеруден кейін кадрларда электр тогының қарапайым металл шарларға әсері көрсетілген тәжірибе түсірілгені белгілі болды. «5G бағанасының үстіндегі графен бұлт» деп жазылған видеода аспандағы сақина тәрізді түтін көрсетілген. Әрине, бұл ерекше құбылыс, жұмбақ нәрсе емес. Неліктен түтін ауада сақина тәрізді болатыны туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
Шын мәнінде, графен өте жұқа және мөлдір. Ол суда көрінбейді. Графен оксиді негізінде алынған сіңіргіш материалдың суреттерін мына жерден көруге болады. Бұл сұр, жылтыр материал, жеңіл болатыны сонша, оны салмағынан бүгілмей гүл жапырақшалары көтере алады.

Образец губчатой материи на основе оксида графена Фото: EPA/ ТАСС

Жоғарыда айтылғандардың негізінде графен жаңа және көпшілікке беймәлім материал болғандықтан, вакцинацияға қарсы адамдар оны өз мақсаттарында пайдаланған деп қорытынды жасауға болады. 2021 жылы оның қорқынышты қасиеттері, вакциналарда, суда және ауада болатыны туралы теориялар айтылды. Бұл барынша көп адам вакцинациядан бас тартып, конспирологиялық теорияға сенуі үшін жасалды.
Ал, біз ақпаратты тексеруге кеңес береміз және бұл ретте Сіздерге көмектесуге әрқашан дайынбыз. Жаңа 2022 жылы деніңіз сау болсын, бақытты болыңыздар!

Басқа жаңалықтар

Back to top button