Жаңалықтар

Дәлелсіз: «Вакцинаның микроскоппен түсірілген фотосуреті онда белгісіз бөлшектердің бар екенін дәлелдеді»

Әлеуметтік желілерде тараған суреттерде микроскоппен түсірілген COVID-19 қарсы вакциналар бейнеленген. Суретте ғалымдар бұрын-соңды көрмеген бұрыштық сызықтар мен жарқыраған нүктелер көрінеді екен. Бұл жалған.

Бұл фотосуреттер ағымдағы жылдың 19 тамызынан бері шетелдік дереккөздерде жарық көруде. Олар Twitter-де Желінің араб сегментінің қолданушылары арасында кеңінен тарады.
Сондай-ақ, сурет ағылшын тіліндегі антивакцинаторлық порталда неміс дәрігерінің тәжірибесі туралы мақалаға иллюстрация ретінде жарияланды. Доктор Бербель Гиталла өзінің екпе салдырған пациенттерінің қанын талдап, Johnson & Johnson өндірген вакцинаны микроскоппен зерттеген. Қан талдауы оның құрамында эристроциттер топтарының рулосы, ал вакцинаның микроскоппен түсірілген фотосуреті белгісіз бөлшектердің бар екенін көрсеткен екен.
Руло және оларды тудыратын құбылыс – эритроциттер агрегациясы, біз ол туралы бұған дейін жазған болатынбыз.

Фейк: «КВИ-ге қарсы егілген адамдардың қаны олардың ауру екендігін көрсетеді»

Біріншіден, вакциналардың осы құбылыспен байланысы дәлелденбеген, екіншіден, эритроциттер агрегациясы – қайтымды процесс, оның пайда болуының нақты себептері әлі белгісіз.
Суреттің өзі де күмән тудырады. Айта кетейік, ол бірде-бір рецензияланған ғылыми зерттеулерде шықпаған және ғылыми журналдарда жарияланбаған. Оның дереккөзі – фейк жаңалықтар мен қастандық теорияларын тарататын әлеуметтік желілер мен порталдар.
Фотосуретте нақ осы вакцина екендігіне ешқандай дәлел жоқ. Сонымен қатар, суретте үлгісі ұсынылған Johnson & Johnson препаратының құрамында фотода жарқырайтын металл немесе люминесцентті бөлшектер жоқ. Бұл вакцина аденовирус векторы негізінде жасалады, ал этанол, сутегі хлориді қышқылы, трисодицитрат дигидраты, натрий гидроксиді және басқа компоненттер көмекші компоненттер болып табылады.
Сондай-ақ, Johnson & Johnson өндірген вакцина Қазақстанға әкелінбегенін атап өткеніміз жөн.

Демек, фотосуретте микроскоппен түсірілген КВИ қарсы вакцина екендігіне ешқандай дәлел жоқ. Сурет жарық көрген дереккөз сенімді емес. Вакциналарда белгілі бір белгісіз компоненттердің анықталғаны туралы ақпарат ғылыми журналдарда жарияланбаған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button