Fake News

Манипуляция: «Швецияда адамдарға вакцинация паспортын бергеннің орнына микрочиптер салынады»

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар Швеция тұрғындарына вакцина паспортын бергеннің орнына микрочиптер салынатыны туралы ақпарат таратуда. Бұл ретте жаңалық шведтердің басқа таңдауы жоқ сияқты етіп ұсынылған. Бұл манипуляция.


Шын мәнінде, Швецияның кейбір тұрғындары COVID-19 пандемиясына дейін, сәйкесінше, бұл індетке қарсы вакцинация басталмас бұрын терінің астына микрочиптерді өз еріктерімен енгізіп жүрген. Бұл елдің тұрғындары алғаш рет 2017 жылдың тамызында көлемі күріш дәніндей ғана микрочипті салдырған.
Мұндай чиптер карта-кілттер мен банк карталары қызметін атқарды. Бұл туралы толығырақ жазған болатынбыз.

Адамдарды чиптеу: шынайылық пен қиял

Вакцинация паспорттары шыққан соң олардағы ақпаратты микрочипке қосу мүмкіндігі пайда болды. Осыған орай Швецияның кейбір тұрғындары вакцинация туралы мәліметтер, төлем картасының мәліметтері және карта-кілттердің цифрлық аналогтары сақталатын чипті салдыру туралы шешім қабылдады. 
Бұл ретте мұндай чипті имплантациялау әлемнің бірде-бір елінде, оның ішінде Швецияда да міндетті болып табылмайды.
Швецияда ЕО вакцинациясының цифрлық сертификаты күшіне енді. Оны чип түрінде енгізудің қажеті жоқ. 
Демек, Швецияда адамдарға вакцинация паспорттарын берудің орнына чиптер салатыны туралы ақпарат манипуляция болып табылады. Елдің кейбір тұрғындарының чиптерді салдыратынф рас. Бірақ бұл олардың қалауымен ғана жүзеге асырылады, чиптерге вакцинация туралы мәліметтерден басқа, төлем карталарының деректері мен басқа да ақпараттар қосылады. Швеция тұрғындарына вакцинация паспорттары цифрлық форматта беріледі және оларды чип түрінде салдыру қажет емес.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button