Fake NewsМедициналық фейктер

Денсаулық сақтау министрлігі гуманитарлық көмек құралдары мен дәрі-дәрмектерді сату дерегін жоққа шығарды

Пайдаланушылар өз жарияланымдарында «Тамифлю» препаратының қаптамасы Қазақстан Республикасының талаптарына сәйкес келмейтінін көрсетті, сондықтан бұл препарат осыған дейін келіп түскен гуманитарлық көмектен сатуға түскенін болжады.

«Тамифлю» препараты (сериясы 633180, жарамдылық мерзімі — 2024 ж. шілде) Қазақстан Республикасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес сараптамалық қаптамада бір реттік әкелу рәсімі бойынша келіп түсті және гуманитарлық көмекке келген дәрілік заттарға қатысы жоқ.

«Пандемия жағдайында «Тамифлю» (Осельтамивир) 75 мг капсуладағы препаратына қажеттілік артты, соның салдарынан өндірістік қуаттарда қазақстандық фармацевтикалық нарық үшін препараттың қажетті мөлшерін өндіруге мүмкіндік болмады. «Тамифлю» препаратына деген сұраныстың артуын қанағаттандыру үшін Патеон мэньюфэкчуринг Сервисэз ЛЛС алаңында өндірілген препаратты жеткізу жүзеге асырылды. (Patheon Manufacturing Services Llc), АҚШ.

Сапасы, тиімділігі және қауіпсіздігі бойынша АҚШ-та өндірілген «Тамифлю» препараты ҚР-да тіркелгендерден айырмашылығы жоқ.

Қаптаманың бекітілгеннен айырмашылығы болғандықтан, картон орамаға негізгі ақпараты бар стикер жапсырылған, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдерінде қолдану жөніндегі нұсқаулық қоса салынған. «Тамифлю» препараты рецептуралық түрде босатылатын препарат болып табылады.

Бұдан басқа, осыған дейін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдеуінше, пандемияға байланысты Қазақстан Республикасында тіркелмеген вирусқа қарсы дәрі-дәрмектерді бір реттік жеткізу тәртібі жеңілдетілді.

Қазіргі кезде Тамифлю «633180» сериялы препарат ҚР дәріханаларында сатылымда бар.

Препараттың шығу тегі мен сапасына қатысты сұрақтар туындаған болса, препаратқа қоса берілген нұсқаулықта көрсетілген байланыс нөмірлеріне жүгінулеріңізді сұраймыз».

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button