Fake News

Фейк: «КВИ-ге қарсы егілген адамдардың қаны олардың ауру екендігін көрсетеді»

Telegram мессенджерінде неміс ғалымдары вакцинацияланған адамдардың қанында «руло эффектісі» болатынын анықтағаны туралы хабарлама тарады, бұл адамның ауру екендігін көрсетеді. Бұл қандай эффект және тараған хабарламаның неге өтірік екенін айтып берейік.


«Руло эффектісі» деген ұғым жоқ. Руло – бұл эритроциттердің агрегациясы деп аталатын процесте пайда болатын эритроциттер жиынтығы. Бұл эритроциттерді ірі ақуыздар немесе плазма полимерлері бар су ерітінділерінде суспендирлеу кезінде болады. Эритроциттер агрегациясы адамда аурудың барын көрсете алса да, қайтымды процесс болып табылады. Яғни, егер бұл құбылыс адамның қанынан табылса, бұл оның өлім аузында брлуының белгісі емес.
Эритроциттер топтарының ағзада пайда болуының нақты себептері әлі белгісіз. Сондай-ақ, ғалымдар рулоның тромбтардың қалыптасуында қандай рөл атқаратыны туралы ортақ пікірге келген жоқ. 
Эритроциттер агрегациясы COVID-19 қарсы вакцинациямен байланысты емес және бұл аурудан иммундауға арналған препараттарды ойлап тапқанға дейін белгілі болған.
КВИ-ге қарсы егілген барлық адамдарда эритроциттер агрегациясы тіркелетіні туралы сенімді ақпарат жоқ.
Айта кетейік, AstraZeneca шығарған COVID-19 қарсы вакцинадан тромбтар пайда болатыны айтылды. Алайда, кейінірек неміс ғалымдары мәселенің түп тамыры да, оны шешу жолдары да табылғанын хабарлады.  Бүгінгі таңда бұл вакцина әлемнің 121 елінде қолданылуда. Бұл препарат Қазақстанға әкелінген жоқ.
Демек, вакцинацияланған адамдар өлімге әкелетін аурулардан зардап шегеді деген пікірлер фейк болып табылады. Біріншіден, эритроциттер агрегациясы қайтымды процесс, екіншіден, рулоның неге пайда болатындығы туралы ортақ пікір жоқ, үшіншіден, олардың вакцинацияланған адамдардың қанында болатыны дәлелденбеген және вакциналардан туындаған емделмейтін аурулардың дәлелі бола алмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button