Fake News

Фейк: «Ірі қалаларда стерилизацияға үндейтін билбордтар пайда болды»

Қазнетте билбордтың суреті тарады. Онда ағылшын тілінде қалада адам саны көп болмас үшін стерилизация жасауға үндеу жазылған. Пайдаланушылардың айтуынша, мұндай плакаттар АҚШ-та орнатылған. Бұл жалған.

Суретте көрсетілген билборд 2019 жылдың қарашасында Лондонның Ислингтон ауданында қойылған. Жергілікті БАҚ плакат бір күн ғана тұрып, жоғалып кетті деп жазды.

Фактчекерлер билбордты лақап аты «Huh?» болып табылатын көше суретшісі салғанын анықтады. Ол өз жұмысымен ірі брендтер мен корпорациялардың жарнамаларын мазақ еткен.

Ұлыбританияның ресми органдары немесе халықаралық ұйымдар мегаполистерде жүктемені азайту үшін ерікті түрде стерилизация жасауға шақыратын билбордтар немесе басқа үгіт материалдарын шығарған жоқ.

Демек, таралған хабарлама өтірік. Көрсетілген фото плакат – бұл ұрпақты жалғастырудан бас тартуға үндеу емес, көше суретшісінің жұмысы.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button