Fake News

Дүкенге шомылу киімімен келген қыздың видеосы басқа елде түсірілген

Қазнетте азық-түлік дүкенінде желбегей жамылып, шомылу киімімен кассаға кезекте тұрған қыздың видеосы тарады. Онда кадрлар Қазақстанда түсірілген, ал қыз Ресейден келген релокант деп жазылған. Бұл олай емес.

Шын мәнінде, видео биыл тамыз айында Дағыстанда түсірілген. Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары бұл оқиға жайлы көп жазды.

Видеодағы қыз – Дағыстанға демалуға келген турист. Алайда оның сырт келбеті жергілікті тұрғынның ашуын туғызған. Ол болған жайтты камераға түсіріп, қызға бұл қылығы үшін сөгіс айтқан.

Видеоның Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ.

Баршаңызды әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде арандатушылыққа бой алдырмауға және тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button