Fake News

Алаяқтар Freedom Finance атынан сауалнама жүргізуде

Әлеуметтік желілерде танымал Freedom Finance брокерлік компаниясының атынан жарнама таралуда. Қазақстандықтарға қысқа сауалнамаға қатысқаны үшін 10 акциядан беріледі екен. Бұл фейк.

Шын мәнінде, Freedom Finance-тің бұл сауалнамаға ешқандай қатысы жоқ. Компания өзінің Instagram аккаунтында ресми ескерту жариялады. Сондай-ақ онда осындай алаяқтық туралы хабарландырулардан мысалдар келтірілген.

«Біз жалған жарнаманың үлкен «толқынын», жалған аккаунтар мен алаяқтық сайттарды көріп жүрміз.

Қырағылық танытыңыз. Қандай да бір күдігіңіз пайда болса, ақпаратты қайта тексеріңіздер.

Жалған парақшалар мен сайттарды бұғаттап тастау үшін, біз, өз тарапымыздан қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз», – делінген хабарламада.

Алаяқтар пайдаланушылардың жеке деректері мен қолма-қол ақшасын алу үшін Freedom Finance атауын пайдаланады. Күдікті сілтемелер бойынша өтпеңіз және әрқашан компанияның ресми ресурстарындағы ақпаратты тексеріңіз.

Акциялар, сыйлықтар немесе сауалнамаға қатысқаныңызға ақшалай сыйақы беру – алаяқтар көп қолданатын амалдардың бірі. Біз сайтымызда мұндай схемаларды бірнеше рет жоққа шығардық.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button