Fake News

Фейк: «Вакциналар чиптердің көмегімен миға әсер етеді»

Пайдаланушылар Telegram арналарының бірінде вакциналарда миға әсер ететін чиптер болатыны туралы хабарламаны талқылауда. Бұл технология егеуқұйрықтарда сыналған, кеміргіштерді мойынсұнғыш ету арқылы ол оң нәтиже берген екен. Бұл жалған.


Қазнет пайдаланушысы айтып отырған тышқандарға жүргізілген тәжірибе шын мәнінде өткізілген және баспасөзде, оның ішінде қазақстандық баспасөзде кеңінен жария етілді.
Тәжірибенің мәні – тышқандардың миына Bluetooth сигналдарын қабылдауға және шығаруға, сондай-ақ, электр желісіне қосылмай қуат алуға қабілетті кішкентай чиптерді енгізу. Бұл ретте микрочиптің өзі жарық шығарды. Ғалымдардың пікірінше, болашақта мұндай технология депрессияны, Паркинсон ауруын, әртүрлі тәуелділіктерді және басқа ауруларды емдеуге мүмкіндік береді.
Тәжірибе Nature Communications журналында егжей-тегжейлі сипатталған. Мақалада микрочиптің өлшемдері ұзындығы 19 мм, ені 12 мм және қалыңдығы 5-ке тең екендігі айтылған. Оның салмағы 1,4 грамм. Ол тышқанның терісін кесіп, бас сүйегін бұрғылап тесу арқылы миға енгізілген.
Бұл адамға мұндай құрылғыны вакцинация инесінің көмегімен енгізу мүмкін емес екенін дәлелдейді. Құрылғы тым үлкен. Сонымен қатар, вакцинация кезінде ол миға кіре алмайды, яғни ол мүлдем пайдасыз болады.
Тәжірибе туралы мақалада адамдарға чипті вакцинация түрінде енгізу жайлы жазылмаған. Сондай-ақ, ғалымдар адамдарды көнгіш етуді немесе олардың еркін бағындыруды мақсат етпейді. Әзірлеменің міндеті – бүгінгі күні қиын емделетін аурулармен күресу жолын табу.
Мақала осы жылдың 22 қаңтарында жарияланды. Ол кезде СOVID-19-ға қарсы көптеген вакциналар әзірленіп, сынақтың соңғы сатыларынан өткен немесе иммундау үшін қолданылып жатты.

Мақала жарияланған кезде сипатталған технология адамдарға қолданылмаған. Әзірлеме авторлары да сымсыз чиптерді кеміргіштерден басқа адамдарда немесе басқа жануарларда қашан және қандай жағдайда сынап көруді жоспарлап жатқаны жайлы айтқан жоқ.
Осылайша, тышқандарда жүргізілген мінез-құлықты бақылау үшін микрочиптерді қолдануды зерттеу COVID-19 қарсы вакцинациямен және жалпы вакцинациямен байланысты емес. Сипатталған технология адамдарда қолданылған жоқ, ал микрочиптің өзі инемен енгізу үшін тым үлкен, ал әзірлеушілер оны инемен енгізу ниеті жайлы айтқан емес.
Вакциналар арқылы адам санасын бақылау теориясы қастандық теориясын жақтаушылар арасында кеңінен танымал. Бұған дейін біз мұның неге ғылымға қайшы екендігі туралы жазған болатынбыз.

Фейк: «Вакцинацияланған адамдардың жүйке жүйесін магнит датчиктердің көмегімен бақылауға болады»

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button