Fake News

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Ресеймен шекараның жабылуы туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Қызылжар» өткізу пунктінің жабылуы туралы ақпарат таралуда. ҚР ҰҚК Шекара қызметі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстан Ресей Федерациясымен шекара арқылы “Қызылжар” өткізу пунктін жапқаны туралы ақпарат таратылуда. Бұл ақпаратқа ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде түсініктеме берілді.
Ведомствоның сайтында өткізу пункттерінің жабылуы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды деп айтылған.
– Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстан-ресей шекарасындағы өткізу пункттерінің жабылуы туралы ақпарат таратылуда. Барлық қазақстандық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды мемлекеттік шекара арқылы өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Өткізу пункттерінің жабылуы туралы Ресей тарапынан ресми ақпарат түскен жоқ, – делінген хабарламада.
Баршаңызды әлеуметтік желілердегі арандатуларға бой алдырмауға және ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button