Жаңалықтар

Қазақстанда Қытай азаматтары үшін визасыз режим енгізіліп жатқан жоқ

Қазақстандықтар What’ sApp мессенджерінде елімізде Қытай азаматтары үшін визасыз режим енгізілетіні туралы хабарламаны таратуда. Бұл – фейк.


ҚР Сыртқы істер министрлігі Қытай азаматтары үшін визалық режимнің өзгеретіні туралы ақпаратты жоққа шығарды.

“Қытайдағы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері ҚХР азаматтары үшін визаларды Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларына сәйкес ресімдейді. Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің шешімімен 2020 жылдың наурыз айынан бастап ҚХР азаматтарына виза Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның туындауы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының шешімі бойынша беріледі”, – деп хабарлады ведомстводан.

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button