Жаңалықтар

COVID-19 термині «цифрлық сәйкестендіру арқылы адамдарды бақылау» дегенді білдірмейді»

Казнет қолданушылары COVID-19 терминінің мағынасына қатысты теорияны ұсынуда. Кейбір адамдардың пікірінше, бұл «цифрлық сәйкестендіру, вакциналар және жасанды интеллект арқылы адамдарды бақылау» дегенді білдіреді. Бұл олай емес.

 

Конспирологияны жақтаушылар COVID сөзі іс жүзінде control, Vaccine и Identity деген сөздің аббревиатурасы болып табылады, ал 19 саны латын алфавитінің бірінші және тоғызыншы әріптері – сәйкесінше, A және I. Теория авторларының пікірінше, бұл әріптер, Artificial Intelligence – «жасанды интеллект» деген сөз тіркесі.

Шын мәнінде, бәрі оңай. ДДСҰ мәліметтері бойынша, COVID термині – бұл COrona VIrus Desease дегеннің қысқартылған нұсқасы, яғни «коронавирустық ауруы». 19 саны аурудың қоздырғышы болып табылатын вирус алғаш рет анықталған 2019 жылды білдіреді.

Терминнің балама мағынасы туралы теория расталмайды. Ал 19 саны A және I әріптерін білдірсе де, бұл «жасанды интеллект» деп айту негізсіз, өйткені ағылшын тілінде осы әріптерден басталатын жүздеген сөз бар.

Сонымен қатар, сөз тіркесінің «цифрлық сәйкестендіру, вакциналар және жасанды интеллект көмегімен адамдарды бақылау» деген балама нұсқасы ағылшын тіліне «Control over people using digital identity, vaccines and artificial intelligence» деп аударылады Бұл ретте оның аббревиатурасы COPUDIV-19 немесе COPUDIVAI болатын еді.

Қорыта айтқанда, ауру атауының балама мағынасы туралы теория шындыққа жанаспайды және тек қастандық теориясын жақтаушылардың жорамалдары болып табылады.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button