Fake News

Фейк: «COVID термині «жануарларды нөмірлеу» дегенді білдіреді»

Кейбір желі қолданушылары COVID терминінің шығу нұсқасын ұсынуда. Осындай хабарламалардың бірінің авторы аурудың атауы «COV» – «мал» және ID – «нөмір» деген екі сөзден тұрады деп мәлімдейді. Бұл теория – ойдан шығарылған.

COVID-19 – бұл аббревиатура. Ағылшын тіліндегі толық нұсқасы – COronaVIrus Disease 2019.  Қазақ тіліне аударғанда «2019 жылғы коронавирустық инфекция» дегенді білдіреді. Бұл SARS-CoV-2 коронавирусы тудыратын аурудың атауы.

Айта кетейік, SARS-CoV-2 ‒ «ауыр жедел респираторлық синдромның коронавирусы-2» терминінің қысқартылған атауы.

COVID термині өткен жылдың сәуір айында ағылшын тіліндегі бірнеше түсіндірме сөздіктерге енгізілді. Мысалы, Вебстер сөздігіне және Оксфорд сөздігіне.

Ал Instagram қолданушылары бөлісіп жүрген нұсқаға келетін болсақ, ол ойдан шығарылған. «Мал» дегенді білдіретін COV сөзі ешбір тілде жоқ. Ол бұрмаланған cow (сиыр) ағылшын сөзіне ұқсайды.

ID — бұл да ағылшын тіліндегі identifier (идентификатор) сөзінің аббревиатурасы – нысанды басқалардан ажыратуға, яғни сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ерекше белгі. Бұдан фейк хабарламаның авторлары вакцинацияны «чиптеумен» салыстыратын қастандық теориясын қолдайды деп қорытынды жасауға болады. Желіде бұл тақырыптағы фейктер көп тараған, біз оларды бірнеше рет жоққа шығарған болатынбыз.

Фейк: «Қазақстандықтарға арналған вакцинадан чиптер табылды»

Қазақстандықтар бір-бірін чиптеумен және мәжбүрлі вакцинациялаумен қорқытуда

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button