Fake News

Фейк: «Қазақстанда тырысқақ ауруы тіркелді»

What’sApp мессенджерінде Қазақстанда тырысқақ ауруының алғашқы жағдайлары тіркелгені туралы ақпарат тарады. Дауыстық хабарламада бір әйел бұл туралы Жезқазған медициналық орталығынан хабарлағанын айтады. Бұл фейк.

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Жезқазғанда тырысқақ ауруына күдікті жағдайлар тіркелген жоқ. «Тырысқақ таяқшалары» тырысқақ вибрионының болуы бақыланады, мамыр айынан қазанға дейін апта сайын зертханалық зерттеулр үшін ашық су қоймаларынан (Кеңгір су қоймасы, жағажайлар) сынамалар алынады. Дүрбелеңге салынуға еш себеп жоқ», – деп хабарлады ведомство.

Комитет өкілдері тырысқақтың алдын алу үшін қолды үнемі мұқият жуып, көкөніс пен жемісті қайнаған сумен шайып, қайнатылған су ішу керек екенін еске салды. Мамандар саудаға бейімделмеген жерлерде көкөніс, жеміс пен басқа да тағамдарды сатып алмауға кеңес береді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button