Fake News

2023 жылдың ең танымал фейктері

Биылғы жылы әртүрлі фейктер көп болды. Қазақстандықтар талай қастандық теорияларын талқылады. Біз қорытынды шығарып, олардың ең көп тарағандарына тоқталмақпыз.

Жаңа пандемия
2023 жылдың мамырында ДДҰ COVID-19 пандемиясының аяқталғанын ресми түрде жариялады. Біраз уақыт өткен соң жаңа вирус туралы жалған ақпарат тарала бастады. Оқу жылы қарсаңында тағы бір ерекше күшті індет болады деп пайымдалды. Барлық мектептер жабылып, балалар қашықтан оқуға ауыстырылады деді. Олай болмаған кезде конспирологтар басқа амалға көшті. 2024 жылдың қазан айында әлемде «Х ауруы» таралады деген ақпарат шықты. Шындығында, бұл нақты ауру емес, тек теориялық болжам ғана. ДДҰ болашақта жаңа індетке әкелуі ықтимал анықталмаған инфекцияны осылай атады. Бұған жол бермеу үшін ғалымдар бүгінде белгілі вирустарды зерттеп жатыр. Қараша айында Желіде СПАРС (SPARS) деп аталатын жаңа инфекция туралы ақпарат тарады. Тіпті оның пайда болу кезеңі – 2025 жылдан 2028 жылға дейін деп көрсетілді. Осы тақырып бойынша жалған ақпарат жасаушылар миллиондаған бала мен ересектер көз жұмады, Ақ үй, ДДҰ, Дүниежүзілік банк және Джонс Хопкинс денсаулықты қорғау орталығы пандемияға дайындалуда деп айыптады. Ақпарат жалған болып шықты. Оған Джонс Хопкинс институты шығарған медициналық әдістеме негіз болды. Мамандар жаңа пандемия қаупі туындаған кезде аурухана қызметкерлерінің дағдыларын пысықтау үшін СПАРС вирусын ойлап тапқан.

15 минуттық қалалар туралы түсінік
15 минуттық қалалар туралы жалған ақпарат Желіде жыл басында белсенді тарала бастады. Оны ойдан шығарғандар үлкен қалалар қоршалып, секторларға бөлінеді, ал периметрі бойынша жолдарға тосқауылдар қойылады деді. Секторлар арасында жүруге тыйым салынады, ал олардың ішінде билік автомобильдерді пайдалануға рұқсат бермейді. 15 минуттық қала тұжырымдамасы бар екені рас. Тек ол адамдарды шектеу үшін емес, олардың жайлылығы үшін жасалған. Оның авторы – профессор Карлос Морено. Ол өз идеясын 2016 жылы ұсынды. Мореноның идеясына сәйкес, мұндай қалаларда адамдар үшін бәрі қол жетімді болады – жұмыс, үй, дүкендер, білім беру және медицина мекемелері, ойын-сауық. Көліктерге деген қажеттілік жоғалады, өйткені қала ішінде велосипедпен немесе жаяу жүреді. Нәтижесінде, адамдардың өмірі тыныш болады, кептелістер мен әбігерлік болмайды. 15 минуттық қалаға кіріп-шығуға ешқандай шектеулер қойылмайды. Мұның бәрін конспирологтар ойдан шығарған.

Чиптеу
Адамдарға чиптер енгізіліп жатыр деген қауесет COVID-19 пандемиясы басталғаннан-ақ айтылып келеді. Бірақ биыл қиялы ұшқыр адамдар тапқырлықтарымен ерекшеленді. Вакциналарға адамдарды бақылайтын құрылғылар «салынатыны» туралы ескі фейктермен қатар, чиптеу изотоптық сызба арқылы жүзеге асырылады деген ақпарат пайда болды. Белгісіз инновациялық таңбалар адамдарды бір компьютерге қосуға ықпал етеді. Бұл ерекше таңбалар – олардың кванттық нүктесі бар. Бұл теорияны жақтаушылар нақты уақыт режимінде қалай болатынын түсіндіре алмады.
Әлемде цифрлық валюталар туралы жиі айтылып жүргендіктен, конспирологтар Интернет қолданушыларын басқа оқиғамен қорқыта бастады. Адамдарға тері астына көлемі күріштің дәніндей ғана имплант енгізіледі екен. Онсыз электронды ақшаны қолдану мүмкін емес, Сондықтан адамзат аштық пен кедейлікке тап болады. Әр түрлі елдердегі фактчекерлер цифрлық ақша ешқандай микрочипсіз қол жетімді болатынын дәлелдеді.

Тамақ пен тәттілердегі жәндіктер
Өнімдерде жәндіктер болатыны туралы фейктердің шығуына Еуропалық Одақ елдерінде жаңа норманың қабылдануы түрткі болды. Арнайы өңделген шегіртке ұнын макаронға, пиццаға, кейбір өңделген тағамдарға, тұздықтарға және т.б. қосуға рұқсат етілген екен. Мұндай ұн қосылған өнімде арнайы таңбалау қолданылады. Ол ағзаға қауіпсіз және ақуызға бай. конспирологтар енді шегірткелерді тамақ өнеркәсібінің барлық өнімдеріне жасырын түрде қосады деп мәлімдеді. Бұл шындыққа жанаспайды, өйткені өндірісті Еуропалық азық-түлік қауіпсіздігі басқармасы қатаң қадағалайды.
Сондай-ақ, жәндіктерді тәттілерге қосады деген қауесет тарай бастады. Егер тағамның құрамында шеллак пен кармин болса, бұл онда жәндіктер бар дегенді білдіреді екен. Карминнің қоңыздан алынатыны рас. Бояғыш зат жасау үшін Кармин қышқылын бірнеше сүзгіден өткізеді. Шеллакты Kerriidae тұқымдасының құрттары бөліп шығарады. Бірақ бұл тағамдық ингредиенттердің екеуі де өңдеудің көптеген сатысынан өтеді, сондықтан нәтижесінде өнімдерде жәндіктердің қалдықтары болмайды.

Жасанды жұмыртқалар
Жалған жұмыртқалар туралы алғаш рет 2013 жылы айтылды. Бұдан кейін ең қоректік тағамдардың бірі туралы жалған ақпарат жойылды. Биыл жалған жұмыртқалар туралы жалған жаңалықтар қайта тарала бастады. «Мамандар» қабықтағы өсінділер мен кедір-бұдырлар тек табиғи емес өнімде ғана болады деп мәлімдеді. Шындығында, жұмыртқа қабығының тегіс болмауы кальций қалдықтары болып табылады. Алаңдауға негіз жоқ. Бұл дәм мен сапаға әсер етпейді. Ақуыздың сулы және сарыуызының пішінсіз болуы да қалыпты жағдай. Жасанды жұмыртқалар өндірілсе, олар табиғи жұмыртқаларға қарағанда әлдеқайда қымбат болар еді.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button