Фейк: «Тұтынушыларға хабарламай-ақ азық-түлікке жәндіктерді қосуға рұқсат етілді»
Telegram чаттарға қатысушылардың хабарлауынша, Еуропалық Одақ елдерінде тағамға шегірткелер қосуға рұқсат беретін нормаларды мақұлдаған. Сондай-ақ пайдаланушылар мұндай өнімдердің қаптамаларында ерекшелік белгілер болмайды және құрамында жәндіктердің бар екені көрсетілмейді деп жазды. Бұл шындыққа жанаспайды.
Аталған жаңа нормалар ЕО елдерінде қабылданғаны рас. Енді Еуропалық азық-түлік қауіпсіздігі басқармасының қаулысына сәйкес, үйдегі шегірткелерден немесе Acheta domesticus-тан жасалған ішінара майсыздандырылған ұнды жеуге рұқсат етіледі. Мұндай ұн былай жасайды: шегірткелерді ұнтақтамас бұрын бір күн бойы тамақтандырмайды, содан кейін оларды мұздатады, жуып, термиялық өңдеуден өткізеді, майсыздандырады, содан кейін құрғақ ұнтаққа айналдырады. Мұндай өнім ақуызға бай және ағзаға зиянсыз болып саналады.
Жаңа нормаларға сәйкес шегірткеден жасалған ұнды пиццаға, макарон өнімдеріне, тағамдарға, тұздықтарға, пісіру қоспаларына, кейбір өңделген тағамдарға және т.б. қосуға болады.
Осы және басқа да өнімдердің барлығы 2015 жылғы 25 қарашадағы Еуропалық Парламент пен Кеңестің 2015/2283 регламентіне сәйкес міндетті таңбалауға жатады. Қаптамаларда өнімнің толық құрамы, соның ішінде шегіртке ұны, сондай-ақ өнімнің шаян тәрізділерге, ұлуларға және шаң кенелеріне аллергиясы бар адамдарда аллергиялық реакция тудыруы мүмкін екендігі туралы нұсқаулар болуы керек.
Сондай-ақ құрамында шегіртке ұны бар өнімдер белгіленген стандарттарға сәйкес ьроуы тиіс.
«ЕО-да шегірткелер мен басқа да жәндіктер жаңа тағам ретінде қарастырылатындықтан, оларға қатаң талаптар қойылады», – деп түсіндірді Литваның ұлттық азық-түлік және ветеринарлық қызметінің азық-түлік инспекторы Дейвидас Калинаускас. – «Өнімге қанша жәндіктер ұнын қосуға болатынына қатысты нақты шектеулер бар».
Сонымен қатар ол жәндіктер ұнын тағамға ешкім жасырын түрде қоспайтынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл – нишалық өнімдер және жақын арада олар кеңінен қолданылатын тауарға айналуы екіталай.
Демек, таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Құрамында шегіртке ұны бар өнімдер міндетті түрде таңбаланады, сондай-ақ басқа да азық-түлік тауарларының құрамы толық көрсетіледі және аллергиясы бар адамдарға ескерту жазылады.