Фейк: «Цифрлық валюталарға қол жеткізу үшін адамдар микрочипті өздеріне енгізуі керек»
Telegram арналарында адамдарды микрочиптеу туралы жаңалықтар тарады. Неміс экономисі Ричард Вернер цифрлық валютаға, әмбебап базалық табысқа және басқа қызметтерге қол жеткізу үшін күріш дәнінің өлшеміндей имплантты тері астына енгізу керек деген екен. Таралған ақпарат шындыққа жанаспайды.
Жарияланым авторының айтуынша, «ДЭФ-тің ертеңгі күнінің бұрынғы жаһандық көшбасшысы» Ричард Вернер 2022 жылы Халықаралық ғылыми саммитте осындай батыл мәлімдеме жасаған. ДЭФ адамдарды микрочиптерді енгізуге итермелеу үшін оларға Орталық банктің цифрлық валютасы (CBDC) деген не екенін әдейі көрсетпеген. Бұл мәлімдеме емес, Ричард Вернердің болжамы. Неміс профессоры оны 2023 жылдың шілдесінде YouTube арнасында берген сұхбатында айтты.
Айвор Камминспен цифрлық валюталардың дамуын талқылай отырып, Вернер (01:05:42) олар (орталық банктер) CBDC-ді «терінің астына енгізетін» кішкентай күріш дәніндей ғана болғанын қалайды дейді. Оның пікірінше, бұл адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтіру. Вернер цифрлық валюталарға қол жеткізу үшін микрочиптер енгізілетініне ешқандай дәлел келтірмеді.
Дүниежүзілік экономикалық форум CBDC деген не екенін түсіндірді. Бұл орталық банктің цифрлық валютасы. Қарапайым тілмен айтқанда, электронды ақша, белгілі бір елдің валютасының бір нұсқасы.
Еуропалық орталық банктің (ЕОБ) мәліметтері бойынша, цифрлық валюта банкноттар мен монеталарды толық алмастырмайды, бірақ оларды толықтырады. 2023 жылдың қараша айында цифрлық еуроны енгізуге дайындық кезеңі басталады. Ол екі жылға созылады. Эксперименттер мен тестілеу барысында цифрлық валютаның қауіпсіз және қолдануға ыңғайлы екендігі анықталады.
Бүгінгі таңда АҚШ-та орналасқан Атлантикалық кеңестің геоэкономика орталығы, әлемдік ЖІӨ-нің 98% құрайтын 130 мемлекет CBDC жасау мүмкіндігін зерттеп жатыр деп жазды. Ал АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі артықшылықтар мен тәуекелдер бағаланғанымен, ұлттық CBDC жасау туралы әлі шешім қабылдаған жоқ. Құжат соңғы рет 2023 жылғы 20 сәуірде жаңартылған.
Қазақстанда цифрлық теңгенің пилоттық жобасы 2021 жылы іске қосылды. Оны енгізу үш кезеңге бөлінген, олардың әрқайсысында тағы бірнеше саты бар. Бұған дейін бөлшек виртуалды валюта сыналған. 2023 жылы цифрлық теңге көтерме сауда – өнеркәсіптік және эксперименттік бағытқа көшті. Бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу үшін жаңа валютаны, сондай-ақ трансшекаралық және әлеуметтік төлемдерді енгізу зерттелуде. Цифрлық теңгені енгізу интернетсіз қызметтерге ақы төлеуге мүмкіндік береді. Болашақта орталық банктердің цифрлық валюталары арасындағы функционалдық үйлесімділік жоғары деңгейге жеткенде, трансшекаралық аударымдарды жасау арзан әріе оңай болады.