Fake News

Фейк: «Адамдарды изотоптық кескінмен чиптейді»

Қазнетте тағы бір қастандық теориясы тарады. Пайдаланушылар чиптеудің бір түрі ретінде белгілі бір «изотоптық кескін» туралы видеороликпен бөлісуде. Ондағы негізгі тезистерді талдап, олардың неге мағынасыз екенін түсіндірейік.

Видео авторының айтуынша, «изотоптық кескін» – бұл «8-12 айдан кейін ДНҚ-ға енетін нано жиілікті өткізгіш элементтер». Бұл ойға қонымсыз. Рет-ретімен айтайық. Изотоптар – бұл қасиеттері әртүрлі бір химиялық элементтің түрлері. Мысалы, көміртегі изотоптары -протий, дейтерий және радиоактивті тритий. «Изотоптық кескін» терминінде изотоптардың қай заты айтылып отырғаны белгісіз. Енді «нано жиілік» сөзі нені білдіретінін анықтайық. Егер электр құрылғыларының жұмысы туралы айтылып отырса, онда «жиілік» термині ток бағытының бір секундта өзгеру санын білдіреді. Мұндай жиіліктер төмен, орташа және жоғары болады. «Нано жиілік» деген ұғым жоқ.
Жұмбақ «кескіннің» ДНҚ-ға ену қабілетіне тоқталайық. Бұл туралы бірдеңе айту қиын, өйткені бұл кескіннің нақты не екені және оның генетикалық кодқа қалай енетіні түсініксіз. Алайда, көптеген адамдардың ДНҚ-сына енген бөгде зат назардан тыс қалмайтыны мәлім. Геномдағы өзгерістер аяқ астынан басталған аурулар, патологиялық жағдайлар және басқа да айқын көріністер түрінде байқалуы мүмкін.
Сондай-ақ видеода автор денеге салынған инновациялық суреттер жайлы айтады, олар көзге көрінбеуі мүмкін және олардың көмегімен адамдар компьютерге қосылады екен. Мұндай суреттер туралы ашық ақпарат жоқ. Сипатына қарасақ, бұл смарт-тату секілді. Бұл технология теорияда смартфондарды алмастыра алады. Адамдардың терісіне, киіміне немесе басқа беттерге сурет салынады, оны оқу арқылы құралдарды басқаруға, музыка қоюға және басқа әрекеттерді орындауға болады. Алайда, бұл суреттер уақытша және адамдар ол арқылы компьютерге қосылмайды. Сонымен қатар олар көзге анық көрінеді және адамның келісімімен ғана салынады.
Бұдан басқа, роликте ұялы байланыс спутниктері мен бағаналары туралы айтылады. Автор бұл екеуі бір дейді және оларды пси-бағаналар деп атайды. Бұл термин пси-террор туралы қастандық теориясынан шыққан. Оны жақтаушылар үкімет адамдардың ойлары мен эмоцияларын басқаратын психотрондық қару бар дегенге сенеді. Шын мәнінде, мұндай қару жоқ, ал теорияның өзі дәлелсіз.
Қорыта айтқанда, таратылған видео – өтірік және конспирология. Автор адамдарды шатастыру үшін ғылыми терминдерді көп қолданып, адамдарды компьютерге қосатын суреттер жайлы айтады және негізсіз қастандық теориясының негізгі ұғымдарын атайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button