Fake News

WhatsApp-та KEGOC компаниясының атынан фейк ақпарат таратылуда

Whatsapp-та қазақстандықтар KEGOC компаниясынан электр энергиясына субсидия ала алады деген ақпарат таратылуда. Ол үшін сауалнамаға қатысу қажет. Мұның бәрі алаяқтардың ісі.


Таратылған хабарламадағы сілтеме бойынша KEGOC компаниясына қатысы жоқ және оның ресми сайты болып табылмайтын парақша ашылады. Сондай-ақ, онда сауалнаманың шын екендігі және сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтар алғанын жазған «қолданушылардың» жалған пікірлері ұсынылған.
KEGOC ресми сайтында компанияның субсидиялар туралы хабарламаға ешқандай қатысы жоқ екендігі туралы ақпарат жарияланған.

– «KEGOC» АҚ көрсетілген сілтеме бойынша ұсынылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды және қауіпсіздік мақсатында пайдаланушылардан осы ақпаратқа көңіл аудармай, дербес мәліметтер мен құпия ақпаратты жазбауды сұрайды. Компания ақпарат тарату үшін тек ресми сайтты және Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарды ғана пайдаланатынына назар аударамыз (www.kegoc.kz), – делінген хабарламада.

Бұған дейін біз сауалнамадан өткен үшін сыйлықтар мен жеңілдіктер ұсынылатыны туралы ақпараттарды жоққа шығарған болатынбыз. Айта кетейік, мұндай сайттардың барлығы бір шаблонмен безендіріледі және онда шараға қатысқандардың бірдей пікірлері жазылады.

Фишингтік сайттарды қалай тануға болады және олар неге қауіпті

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button