Fake News

Фейк: «Адамдар 15 минуттық қалалардан тыс кете алмайды»

Әлеуметтік желілерде 15 минуттық қалалар тұжырымдамасы қызу талқылануда. Бұл идея жүзеге асырылғаннан кейін адамдарға өз аудандарынан кетуге тыйым салынады, ал мұнымен келіспейтіндерге айыппұл салынады екен. Таралған ақпарат жалған.

Instagram-да пайдаланушылар шақыруды көрсеткен неміс Банхоф қаласы тұрғынының видеосымен бөлісуде. Ер адамды экологиялық таза аймақ құру мүмкіндігін талқылауға шақырған екен. Жұмысқа, дүкенге, білім беру мекемелеріне, ойын-сауық орындарына және т. б. баратын жерлерге 15 минут ішінде жаяу немесе велосипедпен жетуге болады. Видео авторы екі қорытынды жасайды: адамдарға үйлерінен шығуға тыйым салынады; Германияда 2030 жылы бензин мен дизель отынымен жүретін көлікті пайдалануға тыйым салынады, ал электромобильдер тек кәсіпорындар мен байларға ғана қол жетімді болады.

Telegram-да таралған тағы бір роликте көліктің жанында тұрған әйел полиция қызметкерімен дауласады. Оның не айтып жатқаны түсініксіз, оны бір жерге жібермей тұр ма, әлде шығармай тұр ма, белгісіз. Видео астында бұл Канадада 15 минуттық қаланы сынау деп жазылған.

Алдымен «15 минуттық қала» терминін талдайық. Бұл Париждегі Сорбонна университеті бизнес мектебінің доценті Карлос Морено ұсынған идея. Ол тұжырымдаманы 2016 жылы ойлап тапқан. 2020 жылы TED Talk-те сөз сөйлеген профессор 15 минуттық қала дегеннің не екенін түсіндірді. Морено өркениеттің барлық игіліктері адамдардан бір қадамдық жерде болғанын қалайды. Адамға жұмысқа, үйге, дүкенге, ауруханаға, мектепке немесе кинотеатрға жаяу немесе велосипедпен жету үшін небәрі 15 минут қана қажет болар еді. Идея авторы қалаларды төрт қағида бойынша қайта қарастыруды ұсынады. Ол экологияны бірінші орынға қояды. Қала жасыл және таза болуы керек. Маңызды орындар жақын орналасуға тиіс. Үшінші компонент – адамдар арасында қарым-қатынас орнату. Соңғысы – тұрғындардың өздері өз ауданын өзгертуге белсенді атсалысуы керек. Бұл тұжырымдамада аудандар арасында жолдарға блок посттар қою және қозғалысқа тыйым салу қарастрылмаған. Морено оның ұсынысы қалаларда кептелістерді болдырмайды және шаһарды адамдарға жайлы етеді деп үміттенеді.

Мысалы, Оксфордта (Англия) қала орталығында жеке көлікпен жүруге шектеу қойылды. Белгілі бір уақыттарда ғана жүруге тыйым салынған. Бірақ орталыққа жаяу, велосипедпен, самокатпен, қоғамдық көлікпен немесе таксимен баруға болады. Осылайша, билік қалада көлік ағынынан азайтып, ауаның ластануын төмендетуге ниетті. 

Бірінші болып 15 минуттық қала идеясын Париж қолдады. Кейін оған Канада, Австралия, АҚШ, Қытай қосылды. 15 минуттық қала ережелерін енгізу мәселелері Германияда қызу талқылануда.  Сондай-ақ, электромобильдермен қозғалу белсенді насихатталуда. Немістер мемлекет пен кәсіпкерлерден жасыл көлік сатып алуға субсидия алады. Себебі ЕО елдерінде 2035 жылдан бастап бензинмен немесе қазба дизельмен жүретін автокөлікті сату және тіркеу мүмкін болмайды. Бұл, ең алдымен, әлемдегі экологиялық жағдайға байланысты. Демек, бұған 15 минуттық қала идеясының еш қатысы жоқ.

Канададық видео да фейк. Бұл 1990 жылы Окадағы дағдарыс туралы деректі фильмнен алынған үзінді. «Канесатакэ: 270 жылғы қарсылық» фильмі бүкіл әлемде көрсетіліп, көптеген халықаралық марапаттарға ие болды. 

Фильм Канаданың байырғы тұрғындары мен полиция арасындағы жер дауы туралы. «15 минуттық қаладан шыға алмай» тұрған әйел видеоның 1:38:41 көрсетілген. Ол әлемнің Ока лагеріне бара алмай тұрғасын ашулануда. Олай болса, Желіде таралған ақпарат ойдан шығарылған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button