Fake News

Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының бастығы НАТО отырысына қатысты – фейк

БАҚ пен әлеуметтік желілерде Қазақстанның ҚК Бас штабының бастығының Брюссельде өткен НАТО әскери комитетінің отырысына қатысқаны туралы ақпарат тарады. Яғни, Астана геосаяси бағытын батысқа қарай өзгертуді жоспарлап отыр екен. Бұл фейк.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

 

«ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының Брюссельде өткен НАТО әскери комитетінің отырысына қатысқаны туралы БАҚ және Telegram-арналарда таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы бұл іс-шараға қатысқан жоқ.

Осыған байланысты азаматтардан таратылған қауесеттерге мән бермеуін және тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз.

Қолданыстағы заңнамада көпе-көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын естеріңізге саламыз», – делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button