Fake News

Фейк: «NASA 2025 жылы бүкіл адамзатқа жаһандық шабуыл жасауды жоспарлап отыр»

Instagram қолданушылары NASA-ның жоспарлары туралы айтқан әйелдің видеосын таартуда. Ол америкалық басқарманың 2025 жылға қарай адамдарды жою ниеті егжей-тегжейлі сипатталған әскери құжатты басқарманың ресми сайтынан тапқан екен. Оның айтуынша, бұл үшін адам миына қарсы электромагниттік сәулелер қолданылады. Бұл фейк.

Жарияланымда Дебора Таварстың 2013 жылы Conspiracy Con конспирологиялық конвенциясы кезінде берген сұхбатынан қысқаша үзінді ұсынылған.  Мұндай конференцияларда паранормальдық құбылыстар, қастандық теорияларының түрлері қарастырылып, құпия қауымдастықтар талқыланады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар «нақты» мәселелерді және осы мәселелердің «нақты» жасаушыларын талдайды.

Дебора Таварс – қастандық теорияларын белсенді жақтаушылардың бірі. Оның тұрғын үй салып, отбасылық бизнеспен айналысатыны белгілі. Ал қандай да бір салада білімі бар екеніне қатысты ақпарат жоқ. Сондай-ақ Таварс өмірдің әртүрлі салалары туралы жалған ақпарат пен фейк тарататын StopTheCrime.net ұйымына мүше.

Интернетте тараған видеода конспиролог PowerPoint құжаты туралы айтады. Ол қорғаныс өнеркәсібі симпозиумында сөйлеген сөзінде NASA ғалымы және оқытушысы Деннис Бушнелл туралы айтады. Кездесу 2001 жылы өтті.

Таварс пайдаланушыға не көрсетеді? «Болашақ қазірден басталады» деген жазуы бар тігіндінің мұқабасын. Бұл NASA жиі қолданатын қанатты сөз тіркесі. Содан кейін конспиролог құжаттан үзінділер келтіріп, беттерді атайды. Оның сөзінше, NASA ұзақ уақыт бойы адамзатты құлдыққа түсіруді жоспарлап келеді және бұл үшін заманауи технологиялар қолданылады. StopTheCrime.net сайтында тек Таварстың сөзінен ғана үзінділер орналастырылған. NASA-ның ресми порталында мұндай баяндама жоқ. Сондай-ақ Желіде бұл құжатты көрген бірде-бір адам жоқ.

Егер мұндай презентация NASA-ның сайтында жарияланған болса, онда кез келген пайдаланушы интернет-мұрағаттан көшірмесін сұрай алады. Дүниежүзілік ғаламтор мұрағатында Бушнеллдің 2001 жылғы 1 шілдедегі түпнұсқа құжаттың көшірмесі бар. Ол NASA порталында емес, Техникалық қорғаныс ақпарат орталығының discover.dtic.mil сайтында сақталған.

Техникалық қорғаныс ақпарат орталығының сайтындағы басқа мұрағаттық құжатта 2001 жылғы конференцияның жұмыс жоспары ұсынылған. Онда уақыт, дәрістің атауы және спикердің аты жазылған. Сондай-ақ, Бушнеллдің «Болашақ стратегиялық мәселелерді / болашақ соғыстарды үйрену және сынау (2025 ж. қарай)» тақырыбындағы баяндамасы бар. Ғалым жаңа технологияны қауіп-қатер ретінде қалай қолданылуы ықтимал, жаһандық жылыну мен соғыстардың басталуы неге әкелуі мүмкін, гендік инженерия қай бағытта дами алатыны туралы айтады.

Таварс осы дәрісті негізге алған, бірақ оны толығымен бұрмалаған. Ол ғалымдар болашақта орын алуы мүмкін жағдайларға жасаған талдауды NASA-ның әскери құжаты ретінде ұсынды. Сондай-ақ, конспиролог Бушнеллдің дәйексөздерін контекстен үзіп алып, оларды басқаша түсіндірген. Нәтижесінде ақырзаманды болжайтын қастандық теориялары пайда болды.

NASA-ның 2025 жылға қарай адамзатты жою бойынша жоспары жоқ. Дебора Таварс ғалымдардың барлық есептеулерін конспирологиялық тұрғыдан түсіндірген. Демек, бұл ақпарат – фейк.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button