Медициналық фейктер

Негізсіз: «D дәруменінің өлімнің алдын алатынына жаңа дәлелдер табылды»

Танымал Telegram чаттарда ғалымдар D дәруменінің сөзсіз пайдасын дәлелдеді деген хабар тарады, COVID-19 жұқтырған кезде ол аурудың ауыр ағымының болу және өлім қаупін айтарлықтай төмендетеді екен. Бұған дәлелдер әлі де аз. Неге екенін түсіндірейік.


Хабарлама авторлары 2023 жылдың қаңтарында жарияланған ғылыми жұмыстарға сүйенеді.  Бұл COVID-19 кезінде D дәруменін қолдануға бағытталған зерттеулерге жүйелі шолу және мета-талдау. Оны жүргізген ғалымдар жазғандай, олар баршаға қол жетімді бес жұмысты ғана талдады. Бұл қандай жұмыстар, оларды кім жүргізді және оларға қатысқан еріктілердің үлгілері қаншалықты көп болғаны белгісіз.
Сонымен қатар дәл осы ақпарат осы сияқты зерттеулерде басты нәрсе болып табылады. Әр түрлі елдердің ғалымдары D дәруменінің COVID-19 жұқтырғандарға әсерін зерттегені белгілі. Зерттеушілердің басым бөлігі салыстырмалы түрде аз пациенттерді бақылаған. Мұндай зерттеулердің нәтижелері D дәрумені аурудың ағымын біршама жеңілдететінін көрсетті. Бірақ бұл элементтің жетіспеушілігі бар науқастар, керісінше, ұзақ және ауыр ауырған.
Алайда, еріктілер саны көп қатысқан осы тақырыптағы зерттеулерде көрсеткіштер басқаша болды. D дәруменін қабылдайтын және оны қабылдамайтын топтардағы адамдар ауырған уақыт аралығы және олардың белгілерінің ауырлығы да шамамен бірдей болды. 
Мұндай сәйкессіздіктер іріктеме көлеміндегі айырмашылығымен түсіндіріледі. Тәжірибеге қатысушылардың саны неғұрлым аз болса, алынған тұжырымдар статистикалық бұрмалануға соншалықты бейім болады. Ал, еріктілер көп қатысқан зерттеулер нақтырақ болып саналады. 
Желі қолданушылары сүйеніп отырған мета-талдауға қандай зерттеулер енгізілгені белгісіз. Жұмыс мәтінінде сипатталған іріктеу критерийлерінде талданған зерттеулердің іріктеу көлемі туралы айтылмаған.
Демек, талдау авторларының тұжырымдарына сенуге болмайды. Олар нақты қандай жұмыстарды талдағаны туралы толық ақпарат берген жоқ. Д витаминінің COVID-19-ға әсерін зерттеу көптен бері жүргізіліп келеді, бірақ бүгінгі күні бұл элементтің өлімнің алдын алатыны немесе аурудың ағымын жеңілдететіні туралы нақты мәліметтер жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button