Медициналық фейктер

Фейк: «Хаттама бойынша босану кезінде дәрігерлер нәрестелердің мойнына қасақана зақым келтіреді»

Telegram-чаттарда дәрігерлер нәрестелердің мойнына зақым келтіруі тиіс деп жазылған босану кезеңіны жүргізудің хаттамасы бар деп айтылуда. Бұл шындыққа жанаспайды.

Басқа елдердегідей Қазақстанда да босану кезеңін жүргізу хаттамалары бар. Онда табиғи босану үшін де, кесарь тілігі үшін де бөлек нұсқаулар берілген. Сондай-ақ, мерзімінен бұрын босануды жүргізу механизмі бөлек сипатталған. Олардың барлығы баршаға қолжетімді және онымен кез келген адам таныса алады. Хаттамаларда қасақана зақыммдау туралы ештеңе айтылмаған.

Дегенмен, босану кезінде нәрестелердің мойны омыртқасына зақым келуі мүмкін. Себебі, босану каналынан өткен кезде бала қысылады,  ал оның мойын бұлшықеттері әлі әлсіз болады. Бұл дәрігерлер балаға қасақана зақым келтіреді дегеннің белгісі емес. Керісінше, олар жарақат алу ықтималдығын азайтуға және дені сау баланың туылуына көмектеседі.

Сондай-ақ нәрестелер туылғаннан кейін оларды бірден неонатолог тексереді. Ол жарақат болса, оны анықтап, тиімді ем тағайындайды.

Қорыта айтқанда, дәрігерлер босану кезінде сәбилерге қасақана зақым келтіреді дегенге сенуге ешқандай негіз жоқ. Жүктілікті жүргізу хаттамаларында мұндай ештеңе жазылмаған.

Демек, тараған хабарлама – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button