Конспирология: «Құпия материалдар» сериалында құпия әлемдік үкіметтің жоспарлары айтылды»
Қазнет қолданушылары «Құпия материалдар» сериалынан үзінді таратуда, онда бұл ғылыми-фантастикалық эпопеяда болжамдар көп және «глобалистердің» – құпия әлемдік үкімет жоспарлары, оның ішінде COVID-19 пандемиясы туралы айтылады деп жазылған. Бұл олай емес, неге екенін түсіндіріп өтейік.
«Құпия материалдар» сериалы ғылыми фантастика болып табылады, ол табиғаттан тыс және ашылмаған істерді тергеумен айналысатын екі ФТБ агенті Дана Скалли мен Фокс Малдер туралы. Сюжет барысында олар Жер бетінде халықтың көп бөлігін құртуға тырысқан дұшпан өзге ғаламшарлықтар өркениетінің бар екенін анықтайды.
Әлбетте, бұл айналамызда болып жатқанға ешқандай қатысы жоқ жай ғана қызықты және күтпеген жағдайларға толы шоу сюжеті.
Барлығына қарсы қастандық жасайтын құпия әлемдік үкіметтің болуы туралы теория Deep State деп аталады және конспирологиялық болып табылады. Соңғы жылдары ол бұрын-соңды болмаған танымалдылыққа ие болды, көбінесе бұл оны ұстанған АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың арқасы.
Дегенмен, бүкіл адамзатты басып алуды және бағындыруды жоспарлаған құпия әлемдік үкіметтің бар екендігіне сөзсіз дәлелдер жоқ.
Қастандық теориясын жақтаушылардың ғылыми-фантастикалық сериалда белгілі бір әлемдік элитаның жоспарлары болжанған деген пікірі негізсіз және қисынсыз.
Сериалдың таралған бөлігінде агент Скалли жерден тыс пайда болған вирус жұқтырған бактерияны тапқаны шоуды жасаушылардың COVID-19 пандемиясының болатынын білгенінің белгісі емес.
Аса қауіпті індет, гендік инженерия және өатерлі патогендерді жасау тақырыбы поп-мәдениетте кеңінен танымал. Желіде осыған ұқсас сюжеттері бар фильмдерді жылдам іздеу барысында ондаған түрі шығады.
Бұл фильмдердің барлығында болжамдар жасалады дегенді білдірмейді. Вирустар мен індеттер туралы фильмдер апаттық фильмдердің өзіндік қосалқы жанры болып табылады. Бұған мысал ретінде «28 күн өткен соң», «Індет» және «713-ші қонуға рұқсат сұрайды» атты кеңестік фильмдерін келтіріп өтуге болады.
Желі қолданушылары жоқ жерден сәуегейлікті бұған дейін байқаған жағдайлар болды. Біз бұған дейін «Шапқыншылық», «Терминатор: Генезис», «Алғашқы Кек алушы» және «Менің артымдағы Териус» сияқты фильмдерде пандемия болжанғаны туралы ақпараттарды жоққа шығарған болатынбыз.