Fake News

Фейк: «Еуропа кеңесі міндетті вакцинация және covid паспорттары туралы түзетулерге қол қойды»

Интернетте Еуропа Кеңесі қабылдаған түзетулер туралы ақпарат тарады, онда Кеңес мүшелері міндетті вакцинацияға қарсы емес және «барлық бостандықтардан айыратын» міндетті covid паспорттары туралы айтылады. Бұл өтірік.


Бұл жерде сөз болып отырған 2361 қарарға 2021 жылғы 27 қаңтарда қол қойылды және ол көпшілікке қол жетімді. 
Құжатта COVID-19 қарсы міндетті түрде вакцинациялануды қолдау туралы жазылмаған. Керісінше, 7.3.1-тармақта «азаматтар вакцинация міндетті емес және ешкімге саяси, әлеуметтік немесе басқа қысым түрі көрсетілмейтініне және өз еркіне қарсы вакцинациялануға мәжбүр болмайтынына көз жеткізуі керек» делінген.
Резолюцияда вакцинация паспорттары туралы мүлдем айтылмаған. Алайда, Желіде covid-паспорттары Еуроодақ тұрғындарына 2021 жылғы 1 шілдеден бастап беріле бастағанын көруге болады. Таратылған хабарламаның авторы жылдарды шатастырған немесе оны неғұрлым өзекті ету үшін 2022 жыл деп мәтін әдейі көрсеткен болар.
Еуроодақ 1.5 жыл ішінде қолма-қол ақшадан бас тартуды жоспарлап отыр деп болжауға итермелейтін де мәліметтер де жоқ. COVID-19 пандемиясы басталғалы Еуропа елдерінде адамдар қолма-қол ақшаны аз қолдана бастады, бірақ бұл мемлекеттердің саясатына емес, қолма-қол ақшасыз төлемдер, соның ішінде онлайн сатып алу мен тапсырыс беру үшін ыңғайлы болуына байланысты. Кейбір сатушылар қолма-қол ақшасыз төлемдерді қолдайды, өйткені бұл төлем түрінде банктердің комиссиялары төмен болады. Осының бәріне қарамастан, қолма-қол ақшадан толық бас тарту туралы мәселесі қарастырылып жатқан жоқ және олар қолма-қол ақшасыз төлемдермен қатар пайдаланылып келеді. 
Демек, мәтінде келтірілген тезистер фейк және дәлелденбеген болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button