Fake News

Фейк: «Капитан Америка туралы фильм пандемияны болжады»

Әлеуметтік желілерде COVID-19 пандемиясы туралы тағы бір болжам айтылды. Бұл жолы жаңа вирустың шығатынын «сипаттайтын» белгілер «Алғашқы кек алушы» фильмінің соңғы қойылымында көрінген. Шындығында, онда ешқандай болжам жоқ.

2011 жылы прокатқа шыққан «Алғашқы кек алушы» фильмі MARVEL киносының кейіпкері Капитан Америка туралы баяндайды. Онда сарбаз Стив Роджерстің супер қаһарман Капитан Америкаға айналуы жайлы айтылады. Оқиға екінші дүниежүзілік соғыс кезінде өрбиді, бірақ соңында басты кейіпкер бөлмесінде оянып, жүгіріп шыққанда қазіргі Таймс-скверге түседі. Конспирологияны жақтаушылар дәл осы көріністен пандемияны болжайтын «құпия белгілерді» тапқан.
Біріншісі – «Корона» сырасының жарнамасы. Шын мәнінде, бұл бренд Мексикада 1920 жылдары пайда болған және пандемияға ешқандай қатысы жоқ.
Екіншісі, сыра жарнамасына қарама-қарсы баннерде бейнеленген SARS-CoV-2 вирусына ұқсас нысанның суреті. Фильмді түсіру кезінде алаңда мұндай баннердің болғаны рас. Соңғы қойылым 2011 жылғы 22 сәуірде түсірілді. Сол жылы наурыз айында туристер түскен сурет коронавирусқа ұқсас нәрсе бейнеленген баннердің алаңда болғанын және оны фильмді түсіру үшін арнайы орнатылмағанын дәлелдейді.
Пайдаланушы Wiliam Mulally өзінің Twitter-дегі парақшасында жарнамалық плакатта не бейнеленгеніне өз бетінше тергеу жүргізген. Ол макарон шығаратын компанияның логотипі көрінген өте сапалы суретті таба алған. Кейінірек ол Желіде 2010-2011 жылдарға арналған жаңа жылдық жарнамалық компанияның баннерлерін көрген, онда отшашу түрінде ұсынылған спагеттидің суреттері бар. Дәл осы суретті қолданушылар «коронавирус» деп қабылдаған.


Үшінші «болжам» – бұл Капитан Американың футболкасында бейнеленген логотип пен қамауға алу кезінде қаталдық таныту салдарынан көз жұмған АҚШ тұрғыны Джордж Флойдтың төсіндегі татудың ұқсастығы.
Шын мәнінде, бұл ұқсастық пайдаланушылардың жорамалы ғана. Фильмнің басты кейіпкерінің футболкасында SSR – Стратегиялық ғылыми қор логотипі бейнеленген. Бұл MARVEL ғаламындағы Капитан Америка қызметкері болып табылатын ойдан шығарылған аса құпия ведомство.
Джордж Флойдтың кеудесінде қанатын жайған құс бейнеленген. COVID-19 пандемиясы мен Джордж Флойдтың өлімінің арасында ешқандай байланыс жоқ.
Демек, супер қаһарман туралы фильмінің соңғы қойылымында көрермендер тапқан барлық «болжамдар» – бұл мистика мен қастандық теорияларын жақтаушылардың қиялдары. «Корона» сырасы пандемия басталғанға дейін жүз жыл бұрын шыққан, баннердегі «коронавирус» спагеттиден жасалған отшашу, ал ойдан шығарылған ведомствоның логотипі қайтыс болған АҚШ азаматының төсіндегі татудан айтарлықтай ерекшеленеді, оның өлімі COVID-19-мен байланысты емес.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button