Fake News

Фейк: «Шапқыншылық» фильмінде пандемия болжанған»

Қазақстандықтар көркем фильмнен тағы бір «сәуегейлікті» байқаған. Бұл жолы 2007 жылы көрерменге жол тартқан «Шапқыншылық» фильмі COVID-19 пандемиясын дәл болжады деп хабарлайды. Бұл жалған.

«Шапқыншылық» – фантастикалық фильм. Сценарий бойынша, адамдарды жаулап алмақ болған өзге ғаламшарлықтар шағын қалада ауыр және белгісіз ауру ошағын тудырады.
Шындығында, адамзатқа өзге ғаламшарлықтардың болатыны нақты белгісіз. Бұған дейін біз патшайым Елизавета II-нің жерден тыс өркениеттерімен байланысы туралы және егілген адамдарды рептилойдтар альфа-центавраға алып кететіні туралы қастандық теорияларын жоққа шығарған болатынбыз.
Сондай-ақ, фильмде індет басталғанға дейін шығарылған вакциналар және билік оның қалай жасалғанын түсіндіруден бас тартқаны туралы айтылады. Шын мәнінде, COVID-19 қарсы вакциналар ауруды анықтап, оның қоздырғышын зерттегеннен кейін ғана әзірленді. Олардың қалай жасалғаны және бұған неге аз ғана уақыт жұмсалғаны туралы біз бұған дейін егжей-тегжейлі жазған едік. Вакциналардың құрамы, әзірлемелері, қарсы көрсетілімдері және жанама әсерлері туралы толық ақпарат баршаға қолжетімді және құпия болып табылмайды.
Сондай-ақ, фильмде аурудың өршуі қолдан жасалған вирустан болғаны айтылады. Ал COVID-19 қатысты жағдай мүлдем басқа. Аурудың қоздырғышы, SARS-CoV-2 вирусы табиғи түрде пайда болғандығы ғылыми дәлелденген.
Мұны Nature рецензияланған журналында жарияланған ғылыми зерттеу нәтижелері растайды. Сонымен қатар, вирустың зертханада әзірленбегені туралы ДДСҰ есебі баршаға қолжетімді.
The Lancet рецензияланған ғылыми журналында және Science Direct ғылыми порталында жарияланған ғалымдардың мақалалары да бұл тұжырымды растайды.
VoxUkraine басылымының фактчекерлері пайдаланушылардың ретроспективті теріс пікірлер мен қолжетімділік эвристикасы сияқты логикалық бұрмалануларға байланысты фантастикалық фильм сценарийі мен шынайы оқиғалар арасындағы ұқсастықтарды көріп отырғандығын жеткізді. Біріншісі, адам белгілі бір оқиғаның нәтижесін алдын ала білетін сияқты, екіншісі – бұрын алынған ақпарат негізінде оқиғалардың басталу ықтималдығын және олардың нәтижелерін асыра айту немесе төмендету үрдісінде байқалады.
Осылайша, «Шапқыншылық» фильмінің де басқа көркем фильмдер сияқты нақты COVID-19 пандемиясына ешқандай қатысы жоқ және індеттің болуын болжамайды.
Қазақстандықтар бұған дейін де фильмдер мен сериалдардан түрлі белгілерді байқап отырған. Олар «Терминатор» және «Капитан Америка» фильмдері сәуегейлік, сондай-ақ, корей дорамасының бір сериясының сюжетін Sars-CoV-2 вирусының анықталуын болжау деп ойлаған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button