Фейк: «1992 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында коронавирус пандемиясы болжанды»
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде SARS-CoV-2 коронавирусы мен оған қарсы вакциналардың құпия ингредиенттері бүкіл әлемге 1992 жылы Барселонада өткен Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында нақты көрсетілген деп жазылуда. Бұл олай емес.
Конспирологияны жақтаушылардың айтуынша, 30 жыл бұрын Олимпиаданың ашылу салтанатында COVID-19 пандемиясы таңқаларлық дәлдікпен болжанған. Атап айтқанда, шоу кезінде стадионда аурудың қоздырғышы болып табылатын SARS-CoV-2 вирусы көрсетілген.
Шын мәнінде, тікенектері бар ерекше шар вирустың емес, теңіз кірпісіне ұқсайтын құбыжықтың бейнесі. Қойылым болашаққа емес, өткенге қатысты символдар мен метафораларға толы болғанын атап өткеніміз жөн. Мысалы, шоу барысында көрермендерге аштық, соғыс, надандық пен өршілдікті бейнелейтін метафоралық құбыжықтармен соғысқан олимпиадалық қозғалыстың белгісі грек галерасындағы жауынгерлер, Жерорта теңізінің құрылуы көрсетілді. Үлкен шар осы құбыжықтардың бірі болды және жаңа вирустың пайда болуын болжамаған.
Олимпиаданың ашылу салтанатында көрсетілген гидраға келетін болсақ, ол да галера экипажы ерлікпен жеңген адамның жаман қасиеттерінің белгісі болды.
Мұндай гидра COVID-1 қарсы вакциналардың құпия ингредиенті болуы мүмкін деген теориялар дәлелсіз. Олардың авторы – вакцина құтысындағы гидраны өз көзіммен көрдім деген вакцинацияға қарсы белгілі тұлға және covid-диссидент Кэрри Мадей. Алайда, ол бұл туралы айтқаннан басқа ешқандай дәлел келтірмеді.
Конспирологияны жақтаушылар Олимпиада ойындарының ашылу салтанаттарынан құпия белгілер мен символдарды бұған дейін де тапқан. Қазнетте 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиаданың ашылу салтанатында пандемияның болатыны болжанғаны, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының логотипінде қауіпті символдың бар екендігі, сондай-ақ, Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының ашылуында табиғи апаттар мен қираулар болатыны көрсетілгені туралы ақпараттар тараған.