Fake News

Фейк: «COVID-19 қарсы вакцина Билл Гейтске ұқсас адамға жасалды»

Желі пайдаланушылары COVID-19 қарсы вакцина Билл Гейтстің орнына оған ұқсас адамға салынды деп айтуда. Олардың пікірінше, вакцина алған адамның фотосуретінде құлағының пішіні Гейтстің басқа фотосуреттердегі құлағынан өзгеше.

COVID-19 қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алғандығы туралы Билл Гейтстің өзі Twitter-дегі аккаунтында жазған.


Постқа өзінің суретін тіркеген. Суретте Гейтс медициналық маскада және көзілдіріксіз. Бұл оның құлағының пішіні пайдаланушыларға неге өзгеше болып көрінгенін түсіндіреді. Оның маскамен түскен басқа суреттерінде де құлағы осындай екенін байқауға болады.


Пайдаланушылардың көру қабілеті нашар адамдар бейтаныс ортада көзілдірігін шешпейді деген пікірлері де дәлелсіз Адамдар өздеріне қажет немесе ыңғайлы болған кезде көзілдірікті киіп, шешетіні анық. Оның үстіне, бір уақытта көзілдірік пен маска тағу ыңғайсыз. Гейтстің бірер уақытқа көзілдірігін шешіп қойғаны сондықтан болар.
Айта кетейік, Билл Гейтс вакцинацияны қолдайды және оның пайдасы туралы талай рет айтқан. Ол COVID-19 қарсы екпе жасамаудың себептері жайлы мәлімдемеген. Сондай-ақ, жаппай вакцинация кезінде адамдарды құпия чиптеу туралы барлық қауесеттерді жоққа шығарды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button