Fake News

Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналардың ресми түрде қауіпті деп танылған дәрілерге қарағанда жанама әсері көбірек»

Қазнетте COVID-19 қарсы вакциналар көп жағдайда миокардит тудыратындықтан, оның өндіріс тоқтату керек деген ақпарат тарады. АҚШ-та бұған дейін жанама әсерлері әлдеқайда аз препараттарды қолдануға тыйым салынып келген екен. Бұл рас па? Тексерейік.

Мұндай пікірдің қалыптасуына корей ғалымдарының European Heart Journal ғылыми журналында жарияланған зерттеуі негіз болды. Еңбек авторлары COVID-19-ға қарсы вакцинация нәтижесінде салдарынан дамыған миокардиттің болу жиілігін және ауырлығын зерттеді.

Зерттеушілер 44 миллионнан астам егілген Корея тұрғындарының деректерін зерттеп, вакцинациямен байланысты миокардит диагнозы 480 адамға қойылғанын анықтады. Яғни, бұл жағымсыз реакцияның даму жиілігі 100 мың адамға шаққанда 1,08 жағдайды құрады.

Таралған хабарламада АҚШ-та Rotashield вакцинасы өндірістен алынып тасталғаны туралы айтылған, ал оның жанама әсерлерді әлдеқайда аз болған.  Бұл олай емес.

Нәрестелерді ротавирустан қорғауға арналған Rotashield вакцинасы АҚШ-та 1998 жылы мақұлданған. Препарат нарыққа шыққаннан кейін бірден дерлік балаларда ішек инвагинациясы жағдайлары тіркеле бастады. Көп жағдайда бұл жағымсыз реакцияны жою үшін хирургиялық араласу қажет болды. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының бағалауы бойынша, Rotashield вакцинасымен егілген балаларда ішек инвагинациясының жиілігі 100 мың адамға шаққанда 10-нан 20-ға дейін болды. 

Яғни, Rotashield вакцинасына жағымсыз реакциялардың даму жиілігі COVID-19 қарсы вакциналардың жағымсыз реакцияларын болу жиілігінен кемінде 10 есе артық. Сонымен қатар, жағдайлардың басым бөлігінде COVID-19 қарсы вакциналардан туындаған миокардит жеңіл өтеді және салдары болмайды. Өндірісі тоқтатылған Rotashield вакцинасынан туындаған ішек инвагинациясы – бұл хирургиялық араласуды қажет ететін ауыр жағдай.

Демек, COVID-19 қарсы вакциналардың жанама әсері өндірістен алынып тасталған препараттарға қарағанда әлдеқайда көп деген ақпарат жалған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button