Fake News

Фейк: «Вакцинацияланған адамдардың жүйке жүйесін магнит датчиктердің көмегімен бақылауға болады»

Мессенджерлерде COVID-19-ға қарсы вакцинацияланғандарды магнит өрістері мен датчиктер арқылы басқаруға болатындығын дәлелдейтін зерттеу туралы хабарлама таратылуда. Бұл олай емес.

Бұл қастандық теориясын таратқан вакцинацияға қарсы silview.media порталы болып табылады.
Ағымдағы жылдың мамыр айында «DARPA, Гейтс, Рокфеллер, Цукерберг қаржыландыратын магнитогенетика! Ваксерлердің тоңазытқыштардың есіктері сияқты магнит жабыстыра алатын сондықтан емес пе?!» деген тақырыпта мақала жарық көрді. Материалдың өзі – вакцинацияланған адамдар екпе орнына магниттердің қалай тартылатындығын көрсететін видеолар жиынтығы болып табылады және 2015 жылғы ғылыми мақаламен «дәлелденеді».
Осы жылдың 1 маусымында теория жаңа қорқынышты «дәлелдермен» толықты: BitChute видео хостингінде 2015 және 2016 жылдардағы беделді ғылыми журналдардан мақалалар көрсетілген видео жарияланды. 
Айта кетейік, өзін «еркін» деп көрсететін BitChute порталы нео-нацистік үндеулерді, ультра оңшыл идеяларды, нәсілдік жеккөрушілік, антисемитизм, фейк жаңалықтар мен қастандық теорияларын таратуға жол беретін видеохостинг.
Вакцинацияланған адамдарды магниттің көмегімен бақылау теориясына арналған видео шынайы емес.
Онда 2019 жылы ғылыми қауымдастық күмән келтірген ғылыми мақалалар бар.
Неге оалй шықты, түсіндірейік.
2015 жылы Science Direct журналы «Магнитогенетика: магниторецептор көмегімен нейрондық белсенділіктің инвазивті емес магниттік белсенділігі» тақырыбында зерттеу жариялады. Бұл тірі организмдердегі миға қашықтан әсер ету мүмкіндігі туралы болды. Онда адамдарда гипотезаны тексеру туралы айтылған жоқ.
Кейінірек, 2016 жылы осы сияқты мақалалар Nature журналында жарық көрді. Екі жарияланымның авторлары жануарларға зертханалық тәжірибелер барысында магниттік сенсорлардың көмегімен ми нейрондарына қашықтан әсер ету мүмкін екенін растады.

2016 жылы Nature Neuroscience басылымында жарияланған тағы бір зерттеуде магнит өрісінің өзгеруі церебралды нейрондарға ешқандай әсер етпейді деген қорытынды жасалған. Сонымен қатар, оның авторлары миды магниттік сенсорлармен басқаруға болатындығына күмән келтірген.
2019 жылы The scientist журналы бірден бірнеше тәуелсіз ғалымдар тобының зерттеу нәтижелерін жариялады. Сарапшылар магниттің көмегімен жануарларды бақылау бойынша өздерінің бұрынғы тәжірибелерін қайталауға тырысқан, бірақ алдыңғы нәтижеге аз да болса, ұқсас нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмады.
Нәтижесінде, тірі жандарды қашықтан басқаруға болатындығы туралы 2015 және 2016 жылдардағы мақалаларға күмән келтірілді.
Дегенмен, осы тақырып бойынша зерттеулер қазір де жалғасуда. Әзірге технология тек тышқандарда ғана сыналуда, оны ешкім адамдарда қолданбаған.
Магнитогенетика саласындағы ғылыми қоғамдастықтың жаңалықтары мен қайшылықтарының COVID-19 қарсы вакциналарға ешқандай қатысы жоқ. Вакциналар пандемияны тоқтатуға және адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға арналған. Инъекция арқылы мінез-құлық пен ақыл-ойды бақылау – бұл ешқандай дәлелі жоқ конспирологиялық теория. Сонымен қатар, бүгінгі күні қолданылатын вакциналардың құрамында магниттік қасиеттері бар заттар көрсетілмеген.

Демек, магниттер арқылы вакцинацияланған адамдардың миын бақылауы туралы мәлімдемелер жалған болып табылады. Біріншіден, нейрондарға қашықтан әсер ету теориясының өзі дәлелденбеген және қайшылықты, екіншіден, вакциналарда магниттік қасиеттері бар заттар жоқ.
Халықты бақылауды мақсат еткен әлемдік үкіметтің қастандық теориясы бұрыннан бар. Бұған дейін біз вакциналардағы чиптер, графен нанотүтікшелер, алюминий және магниттік нанобөлшектер туралы мәлімдемелерді жоққа шығарған болатынбыз.
Сондай-ақ, магниттердің вакцина салдырған адамдарға неге тартылмайтыны туралы да жаздық.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button