Ағартқышты ішкенде және екпе жасатқанда COVID-19-дан қорғамайды
Желіде құрамында хлорлы әк бар тұрмыстық химия COVID-19 инфекциясынан қорғайды деген қауесет тарады. Пайдаланушылар оның буымен тыныс алуға, ішуге және тіпті тамыр арқылы егуге кеңес береді. ДДСҰ мамандары мұндай әдістерден ауыр аурулар туындап, уланудан өлімге әкелуі мүмкін.
Бұл фейктің авторы-Флорида штатының тіркелмеген шіркеуінің өзін-өзі жариялаған архиепископы Марк Гренон. Ол ұлдарымен бірге «Miracle Mineral Solution» құралын ойлап тапқан болатын. Гренон мен оның ұлдарының айтуынша, бұл құрал кез келген ауруларды емдейді. Пандемия басталғалы оны COVID-19 емі ретінде сата бастады. Шындығында, бұл «ғажайып» емдеу құралы құрамында хлорлы әк бар өте улы ағартқыштың бір түрі болып шықты.
ДДСҰ мамандары мұндай заттардың пайдасы туралы барлық болжамдарды жоққа шығарады және nұрмыстық химияның құрамына кіретін заттар улы болуы мүмкін деп хабарлайды.
– Оларды ішке қабылдау денсаулықтың тұрақты бұзылуына және өлімге әкелуі мүмкін. Кейбір жағдайларда метанол, этанол немесе хлорлы әкті тазартқыштардың құрамына қосады, бұл өңдеу кезінде заттардың беттеріндегі вирустарды жоюға мүмкіндік береді, бірақ бұл құралдарды ішке қабылдауға болмайды. Олар ағзадағы вирусты жоймайды және ішкі органдарға зиян тигізеді, – делінген ұйымның ресми сайтында.
Тазарту құралдарын қолдану салдарынан АҚШ-та жеті адам қайтыс болған.
Қазір Марк Гренон мен оның ұлдары қамауға алынды.
Оларға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен косметикалық заттар туралы федералды заңды бұзу мақсатында АҚШ үкіметіне қарсы қастандық жасаған деген айып тағылды.