Fake News

Фейк: «Вакцина алған ерлермен жақын араласу әйелдердің денсаулығына кері әсер етеді»

Telegram чаттарында күйеулері COVID-19-ға қарсы егілген, ал өздері вакцина салдырмаған әйелдердің репродуктивті жүйесінде елеулі проблемалар болатыны туралы жазылды. Бұл жағдайда жыныстық қатынас кезінде ол ауырсынуды сезініп, қан кетуі мүмкін. Мұның бәрі жалған.

Мұндай тұжырымдар бұрын теріске шығарылған фейктер мен қастандық теорияларына негізделеді.

Ғалымдар COVID-19 қарсы вакциналардың әйелдердің репродуктивті денсаулығына теріс әсер етпейтінін дәлелдеді. Ауқымды зерттеулер егу кейінгі циклдің ұзақтығын сәл арттыруы мүмкін екенін көрсетті, бірақ бұл өзгерістер маңызды емес және уақытша. 

Вакцина компоненттерінің күйеулерінен егілмеген әйелдерге берілуіне келетін болсақ, бұл ғылымға қарсы. Вакцинацияланған адамдар қандай да бір жолмен вакцина компоненттерін басқаларға бере алады деген теориялар -бұған дейін бірнеше рет жоққа шығарылған фейк. 

Екпе салдырған күйеуімен жыныстық қатынасқа түсу медициналық тұрғыдан вакцина алмағандармен жақын болудан ерекшеленбейді. 

Хабарламада екпенің жыныстық жолмен берілу ықтималдығы туралы жазылған Pfizer-дің «құжаттары» аталады. Pfizer компаниясының 600-ден астам құжаты баршаға қолжетімді. Олар COVID-19 қарсы вакциналарға ғана емес, сонымен қатар компания шығаратын басқа өнімдерге де қатысты.

COVID-19 қарсы вакциналардың жанама әсерлері туралы деректер вакциналардың қауіпсіздігі туралы ұдайы жаңартылып отыратын есептерде жинақталған. Осы жарияланым шыққан кезде ең өзекті деректер 2023 жылдың 3 наурызындағы жиынтық мәліметтерде көрсетілген. Онда жыныстық қатынас вакцинацияның нәтижесіне немесе вакцина компоненттерінің егілмеген адамдарға берілуіне ықпал ететіні туралы мәлімет жоқ.

Бұған дейін де Pfizer вакцинасы компоненттерінің жыныстық жолмен берілуі туралы хабарланған жоқ. Фертильділік пен репродуктивті жүйенің бұзылуы препаратқа жағымсыз реакциялар болып табылмайды. 

Қорыта айтқанда, бұл фейк пен конспирологияға негізделген жалған ақпарат. COVID-19 қарсы вакцинация репродуктивті денсаулыққа әсер етпейді және оның компоненттері жыныстық жолмен берілмейді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button