Fake News

Фейк: «Вакцинацияланған адамдарға магниттер тартылады»

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде бөлісіп жатқан бейнероликте әкесі вакцина салдырған баласының қолына магнит тартылатынын көрсетеді. Кейбір пайдаланушылардың пікірінше, бұл вакциналарда чиптің болуының дәлелі, ол егілген адамды бақылауға мүміндік береді. Басқалары бұған препараттардың құрамындағы алюминий себеп дейді. Бұл олай емес.

Егілген адамдардың қолына магнит жабысатын видеолар бұрыннан бар. Мұндай бейнероликтер желінің ағылшын тілді сегментінде тараған, бастапқыда олар вакциналарда микрочиптердің болуын дәлелдеуге бағытталған болатын.

Бұл – ғылыми фактілерге қайшы келетін қастандық теориясы. Адамдарға COVID-19 қарсы вакцинамен бірге чиптер енгізілетін туралы жорамалдар негізсіз. Бұған дейін бұл миф жоққа шығарылған.

Адамдарды чиптеу: шынайылық пен қиял

Денеге стандартты инъекциялық инемен енгізуге болатын чип қазіргі кезде әзірлену үстінде. Оның мөлшері небәрі 0,1 текше миллиметр, оны тек микроскоппен ғана көруге болады. Бұл технологияны жаппай пайдалану туралы мәселе әзірге көтеріліп отырған жоқ. Бірақ денеге енгізілген ол бұлшықет пен тері қабатының астынан өзіне магнит тарта алмайды.
Тағы бір теория бойынша, инъекция орнына тартылған магнит вакциналар құрамында көп мөлшерде алюминий барын дәлелдейді. Алайда, мұндай тәжірибені дәлел ретінде қарастыруға болмайды, өйткені алюминий парамагнетик болып саналады және магнитке тартылмайды.
Талқыланып отырған видеода автор магниттің вакцина салдырған балаға әсерін көрсетеді. Айта кетейік, ол ұлының қандай вакцина алғанын айтпайды, бірақ оның COVID-19-ға қарсы егілмегеніне сенімдіміз. Бүгінгі күні 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер бұл ауруға қарсы вакцинацияланбайды. Сондықтан видео кейіпкері COVID-19-ға қарсы егілді деп пайымдауға болмайды.
Инъекция орнына тартылатын магнит туралы бейнеге сілтеменің өзі ешқандай жазбасыз және түсіндірулерсіз таратылуда. Шын мәнінде, видео авторының парақшасында магнитпен түсірілген бейне адамдарды сенімді ақпаратты жалған ақпараттан ажыратуға үйрету үшін арнайы жасалған фейк деп айтылған тағы бір видео жарияланған.


Кейбір адамдар белгілі бір ерекше энергияның арқасында өзіне метал тарта алады деген болжам бар. Скептиктер мұндай бейнелерді бірнеше рет жоққа шығарған болатын. Қасықтар мен заттардың теріге жабысуының құпиясы адамның ерекше «магнит өрісі» мен «зерттелмеген энергиясының» болуында емес, теріні жабысқақ ететін тер мен заттар «тартылатын» дененің иілген қабаттарында жатыр. Желіде паранормальды қабілеттері жоқ қарапайым адамдар осы айла-амалдарды қолдана отырып, қасықтарды өздеріне «магниттей» жабыстырып алатын видеоларды көруге болады. Осылайша, адамды магнитке айналдыратын вакциналардағы металл чиптер мен металдардың қауіпті дозалары туралы теория ғылыми фактілерге қайшы келеді және ешқандай дәлелі жоқ. Бейнеролик фейк болып табылады, бұл туралы оның авторы өз парақшасында хабарлаған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button