Fake News

Манипуляция: «Red Bull COVID-19 тестте оң нәтиже көрсетті»

Қазақстандықтар танымал Red Bull энергетикалық сусынының үлгілерін пайдалана отырып, жүргізілген COVID-19 анықтайтын кезекті тестті талқылауда. Жедел тест оң нәтиже көрсетті, алайда бұл баршамызға мәлім манипуляция екендігі белгілі.

Видеода талдау үшін COVID-19 қоздырғышы болып табылатын Sars-CoV-2 вирусына антиденелерді анықтайтын жедел тест қолданылады. Мұндай тест жүйелері адам қаны сияқты белгілі бір ортада ғана дұрыс жұмыс істейді. Құрамында кофеин мен таурин мөлшері жоғары газдалған сусын мұндай орта емес және бұл нәтижені сенімсіз етеді. Ғалымдар сынақтардың адамның биологиялық сұйықтықтарынан басқа ортада дұрыс жұмыс істеуге бейімделмегенін 2020 жылдың мамыр айында мәлімдеген болатын.

Бұған қарамастан, қастандық теориясын жақтаушылар талдау әдісінің пайдасыздығын «дәлелдеу» үшін газдалған сусындарды, жеміс шырындарын және жануарлардың қанын сынауды жалғастыруда. Ғалымдар мен фактчекерлер бұл әрекеттердің барлығын жоққа шығарды.

Лимонның СOVID-19 тесті оң нәтиже береді – манипуляция

Манипуляция: «Соса-Cola-ның COVID-19 анықтау бойынша тест нәтижесі оң болды»

Манипуляция: «Жеміс шырындары COVID-19-ға ПТР сынақтарында оң нәтиже береді»

Айта кетейік, COVID-19 жедел тестілері қоласты құралдарды қолдана отырып, «алдауға» болатын тест жүйелерінің бір ғана түрі емес. Мысалы, жүктілікті анықтау үшін тест жолағына лимон шырынын тамызып, оң нәтиже алуға болады.  Бұл тесттердің мұндай түрлері сенімсіз және өз міндеттерін орындай алмайды дегенді білдірмейді.
 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button