Манипуляция: «Соса-Cola-ның COVID-19 анықтау бойынша тест нәтижесі оң болды»
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде қазақстандықтар «Коланы» антиденелерді анықтайтын экспресс-тестпен коронавирустық инфекцияға тексерген видеомен бөлісуде. Тест жолағы оң нәтиже көрсеткен, сондықтан кейбір адамдарда талдаудың бұл әдісіне деген сенімсіздік туған.
Мұндай тәжірибелер интернетте көп кездеседі. Бұған дейін қастандық теориясын жақтаушылар лимон мен басқа да жемістерді «сынап көрген» болатын.
Алайда, мұндай тәжірибелердің нәтижесінде тест не көрсетсе де, оны сенімді деп атауға болмайды. Себебі, антиденелерді анықтауға арналған ПТР сынақтары немесе экспресс-жолақтар сияқты жүйелер болсын, олар нақты биологиялық ортада қолдану үшін арнайы жасалған. Олар РН индексі адам қанынан өзгеше болатын жемістер мен сусындардың қышқыл ортасында дұрыс нәтиже көрсетпейді.
– ПТР негізіндегі тесттер вирустың нуклеин қышқылын тестілеу принципіне негізделген материалдардың кең спектрінде анықтай алады. Бірақ тест материалы тесттің реакциясына теріс әсер етуі ықтимал, мысалы, жалған нәтижелерге әкеледі. Өйткені, тесттің сенімді нәтижесін алмас бұрын, тесттердегі реакция әрдайым зерттелетін материал үшін бағалануы керек», – деді Грайфсвальд университеті клиникасындағы Медициналық микробиология институтының директоры Карстен Беккер Correctiv басылымына.
Бұған дейін біз лимон шырынымен жүргізілген осындай манипуляция және тағы қандай жемістермен тесттерді «алдауға» болатыны туралы жазған болатынбыз.