Лимонның СOVID-19 тесті оң нәтиже береді – манипуляция
Қазнетте COVID-19 экспресс-тесттері лимон шырынын тамызса, оң нәтиже беретіні туралы ақпарат таратылуда. Кейбіреулерінің пікірінше, бұл тест жүйелері мен жалпы SAR-coV-2 вирусын анықтау әдісіне нұқсан келтіреді.
Шын мәнінде, олай емес. Лимон шырынымен жасалған әрекетті тесттің сенімді нәтижесі емес, әзіл деп санауға болады.
COVID-19 тесттері тек адамның биоматериалымен ғана жұмыс істеу үшін жасалғандықтан, олар басқа ортаны дұрыс талдай алмайды.
Бұған Танзания президенті Джон Магуфулидің папайя, ешкі, машина майы мен басқа да адамзатқа жатпайтын үлгілерден коронавирусқа тест алу әрекеттері айқын мысал бола алады. Олардың кейбіреулері жалған оң нәтиже бергені белгілі.
Айта кетейік, талдаудың ПТР әдісімен, әлде экспресс-тестпен жүргізілді ме, белгісіз.
Грайфсвальд университетінің медицина орталығының Медициналық микробиология институтының директоры Карстен Беккер жемістерде «covid-оң» болу феноменін түсіндірді.
– ПТР негізіндегі тесттер вирустың нуклеин қышқылын тестілеу принципіне негізделген материалдардың кең спектрінде анықтай алады. Алайда, сынақ материалы тесттің реакциясына теріс әсер етуі мүмкін, атап айтқанда, жалған нәтижелерге әкелуі ықтимал. Тесттің сенімді нәтижелерін алмас бұрын, тесттердегі реакция әрдайым зерттелетін материал үшін бағалануы керек, – деді ол Correctiv басылымына.
Өз кезегінде, лимонның түрлі тесттерді «өтірік» көрсету қабілеті бары бұрыннан белгілі. Мысалы, жүктілікті анықтау үшін сынақ жолағын лимонға салып көрсеңіз, ол екі жолақты көрсетеді. Бірақ жемістің бала көтермейтін баршамызға аян.
Тест нәтижесі «covid-оң» және «жүкті» лимон, басқа жемістер секілді тестілеу әдістерінің қорытындысы бойынша сенімді нәтиже бермейді, ол тек бірінші сәуірде қалжыңдау үшін ғана жарамды бола алады.