Fake News

Алаяқтар Қазақстанның ІІМ басшысының суретін пайдаланған

Әлеуметтік желілерде жалған брокерлер ұрлаған қаражатты қайтарамыз деген онлайн алаяқтар әрекет етуде. Киберқылмыскерлер бұрыннан қалыптасқан схеманы қолданады. Олар адамдарды сендіру үшін түрлі уәделер беріп, белгілі тұлғалардың суреттерін пайдаланады.

«Биржадан немесе брокерден ақша шығармақсыз, бірақ… Ол үшін төлем сұрай ма? Бұл өтірік. Өзіңізді алдауға жол бермеңіз. Ақшаны қауіпсіз жолмен қайтару жөніндегі нұсқаулықты алыңыз», – делінген жаңа жарнаманың мәтінінде.

Бұл жолы алаяқтар хабарламаға ҚР ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің суретін тіркеген.

Сурет мемлекеттік органдардағы тағайындаулар мен отставкалар, сондай-ақ Қазақстанның қадағалау және күштік ведомстволарының басшылық құрамындағы өзгерістер туралы ақпарат тарататын @prokadrykz Instagram-аккаунтынан алынған.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми порталында қаражатты қауіпсіз алу жөніндегі нұсқаулық жоқ.

Бұл хабарландыруда алаяқтар адамдарды алдау үшін белгілі адамның беделін тағы да пайдаланған. Көрсетілген сілтеме бойынша өтпеңіз, ақшаңызды немесе жеке деректеріңізді жоғалтуыңыз мүмкін. Ақпаратты әрқашан ресми дереккөздерден тексеріп, желідегі бейтаныс адамдармен сөйлескенде абай болыңыз.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button