Fake News

Цирк әртістерін өзге ғаламшарлықтар деп ойлап қалған

Телеграм-чаттарда ерекше костюм киген ұзын бойлы екі қыздың бейнеролигі таратылуда. Видео астынан, бұл мамандар «сириандықтар» деп сәйкестендірген өзге ғаламшарлықтар деп жазылған. Шын мәнінде, бұл – цирк әртістері.

«Сириандық өзге ғаламшарлықтардың кіруі» көрсетілген видео 2015 жылы Ресейде концерт алаңдарының бірінің сахна сыртында түсірілген. Кадрларда басқа галактикадан келген қонақтар емес, сахналық костюм киген апалы-сіңлі Тамара мен Людмила Титченковалар көрсетілген. 2015 жылы олар Ағайынды Запашныйлардың «UFO. Басқа планетадан келген цирк» шоуында өнер көрсетіп, аренада өзге ғаламшарлықтардың рөлін сомдаған. Қойылымның фотосуреттерін Желіден оңай табуға болады.
Апалы-сіңлі Тамара мен Людмила Титченковалар Украинадан шыққан. Екеуіне де сирек кездесетін диагноз – Марфан синдромы қойылған. Қыздардың бойының ұзын болуы да сондықтан: Тамараның бойы 204 см, Людмиланыкі 202 см.


Қыздардың ұзын бойы, платформалық аяқ киім және ерекше киімдер кейбір Желі қолданушыларын шатастырып, олар кадрларда шынымен де жерден тыс өркениеттің өкілдері көрсетілгеніне сеніп қалған. Видеода апалы-сіңлі Титченковалар екендігі күмәнсіз. Мұны олардың костюмде маскасыз түскен көптеген фотосуреттерден және «өзге ғаламшарлықтар» цирк аренасында өнер көрсетіп жатқан видеожазбалардан көруге болады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button