Фейк: «Коллекциялық монетадағы сурет патшайым Елизаветаның өзге ғаламшарлықтармен байланысын дәлелдейді»
Telegram мессенджерінде әлемдік элитаның ғарыштан келген өзге ғаламшарлықтармен байланысы туралы қастандық теориялары таратылуда. Бұған «дәлел» ретінде пайдаланушылар бөтен біреудің және патшайым Елизавета II профилі бейнеленген коллекциялық монетаны ұсынады. Шын мәнінде, өнімде ешқандай құпия мағына жоқ.
Бұл монетаны Scottsdale Mint компаниясы шығарған, ол монеталарды, құймаларды және қымбат металдардың коллекциялық өнімдерін шығаруға мамандандырылған.
Атап айтқанда, монеталардың бұл түрін компания Гана Республикасының тапсырысы бойынша шығарды. Монеталар бірнеше нұсқада ұсынылған: қара радиймен қапталған; алтыннан; ескіше өңделген күмістен жасалды.
Дизайны Розуэлл оқиғасының желісі бойынша таңдалды – уфологтар арасында кеңінен таралған және танымал «өзге ғаламшарлық кеме апаты» оқиғасы.
Апат метеозондтан болғаны туралы ресми түрде расталған нұсқаның болуына қарамастан, адамдардың көбі оқиға орнында табылған бөліктер Жер бетінде белгісіз технологиямен салынған ғарыш кемесінікі дегенге әлі де сенеді.
Демек, монетадағы суреттер жерден тыс саналы тіршілік иелерінің бар екенін, оның үстіне, олардың патшайым Елизавета II-мен байланысын дәлелдемейді.
Сонымен қатар, Қазнет қолданушылары жазғандай, монетада жай ғана бөтен адам емес, Орион шоқжұлдызынан шыққан нақты «сұр» түрі бейнеленген. Шын мәнінде, оның бар екендігіне ешқандай дәлел жоқ. Сондай-ақ, Орион шоқжұлдызында орналасқан планеталардың бірінде тіршілік иелері бар екендігіне ғылыми дәлелдер жоқ. Бүгінгі таңда ғалымдар онда өмір сүруге болатын бірнеше планетаны тапты, бірақ бұл туралы нақты мәліметтер жоқ.
Сонымен, талқыланып отырған монета коллекциялық болып табылады және оның дизайны Жер бетіндегі ең танымал «бөтен ғарыш кемесінің апатына» негізделген. Іс жүзінде планетамыздың бетіне метеозондтың жақындағаны дәлелденді, бірақ уфологтар бұған сенуден бас тартуда. Патшайым Елизавета II бұл оқиғаға ешқандай қатысы жоқ.