Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналар әйелдердің репродуктивті денсаулығына нұқсан келтіреді»
Қазақстандықтар What ‘ sApp мессенджерінде COVID-19-ға қарсы вакциналар әйелдердің репродуктивті денсаулығына кері әсерін тигізетіні туралы ақпарат таратуда. Вакцинация циклдің бұзылуына оның толық тоқтауына әкеледі. Мұндай қауесеттерге ҚРМҚ Президенті, ҚР ҰҒА академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Бас репродуктологы Вячеслав Локшин түсініктеме берді.
Профессор Локшиннің айтуынша, COVID-19 қарсы вакциналар репродуктивті денсаулыққа ешқандай әсерін тигізбейді. Ол өз тәжірибесінде мұндай жағдай болмағанын мәлімдеді.
– Біз күн сайын клиникада репродуктивті жастағы 80-110 әйелді қабылдаймыз, олардың 90% вакцинацияланған. Инъекция орнындағы қызару және ауырсыну, субфебрильді температураның болуы сияқты жанама әсерлердің болатыны туралы естідік. Бұл белгілі және нұсқаулықта сипатталған. Аздаған стресс түрінде вакцинация циклді 3-5 күнге дейін кешіктіруі мүмкін, әсіресе қатты уайымдағандарда, бірақ одан басқа ештеңе жоқ. Бүгінгі таңда Қазақстанда екпе алған мыңдаған әйел ЭКО бағдарламасына қатысты. Аналық бездердің реакциясында, ұрықтандыруда, жүктілік жиілігінде ешқандай айырмашылық анықталған жоқ. Сонымен қарат, керемет бонус бар – COVID-19 аурушаңдық қаупі 50 есе немесе одан да артық төмендеді», – деді ол.
Бұған дейін вакциналардың репродуктивті денсаулықтың нашарлауымен байланысы туралы қауесеттерге Израиль дәрігерлері түсініктеме берген болатын.
Мысалы, Midaat қоғамдық ұйымының гинекологтары COVID-19 қарсы вакциналар әйел денсаулығына айтарлықтай әсер ете алмайтындығын хабарлады. Мамандар вакцинациямен байланысты циклдің біршама бұзылу ықтималдығы ретінде препаратты қабылдағанға дейінгі толқуды атады.
Демек, COVID-19 қарсы вакциналар әйелдердің репродуктивті денсаулығына әсер етуі мүмкін деген қауесет негізсіз және фактілерге қайшы келеді.
Бұған дейін біз вакциналар бедеулікке әкеліп, фертильділікке әсер етуі мүмкін деген мифтерді жоққа шығарған едік.