Fake News

Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналар әйелдерде репродуктивті жүйе ауруларын тудырады»

Танымал Telegram-арналардың бірінде қазақстандықтар COVID-19-ға қарсы вакцинациялау әйелдердің репродуктивті денсаулығына теріс әсер ететіні туралы хабарлама таратылуда. Израиль дәрігерлері осындай қорытынды жасаған екен. Бұл жалған.

Sars-CoV-2 вирусының да, оған қарсы вакциналардың да әйелдердің репродуктивті органдарына әсері туралы зерттеулер бар. 
Олардың соңғысының нәтижелері ағымдағы жылдың сәуір айында жарияланды. Онда Израильде қолданылатын Rfizer-BioNTech вакцинасының аналық бездердің фолликулалық қызметіне әсері туралы айтылған. Зерттеуге 18-44 жас аралығындағы 32 науқас қатысты. Алынған мәліметтер SARS-CoV-2 инфекциясы немесе Pfizer вакцинасы әйелдердің фертильділігіне әсер етпейтінін көрсетті. 

Осылайша, вакцинациядан кейін әйелдерде репродуктивті жүйе аурулары пайда болуы мүмкін екендігі туралы теория – ғылыми дәлелденген фактілерге қайшы келетін пікірлер.
Бұған дейін біз COVID-19 қарсы вакциналар бедеулік тудырады деген фейкті жоққа шығарған болатынбыз.

COVID-19 қарсы вакциналар бедеулікке әкелмейді

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button